Жаңа Терминаторды сомдайтын актердің аты белгілі болды

0
134

Терминатор туралы жаңа фильм түсіріп жатқан режиссер Тим Миллер Deadline басылымына берген сұхбатында Арнольд Шварценеггердің орнын алмастыратын актердің аты-жөнін атады, деп хабарлады РИА Новости.  Агенттіктің хабарлауынша, ол — 35 жастағы америкалық актер Гэбриел Луна, «Агенты Щ.И.Т.» сериалынан кейін атақты бола бастаған. Фильм биыл жазда түсіріле бастайды, сценарийі құпия. Тұсаукесер 2019 жылы 22 қарашаға белгіленген. Айта кетейік, бұған дейін 70 жастағы Шварценеггердің жүрегіне операция жасалғаны хабарланған болатын. Актер жүрегіне жасалған операция аяқталған соң: «Мен оралдым», — деді.
Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/cinema/jana-terminatordyi-somdaytyin-akterdn-atyi-belgl-boldyi-288331/

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here