БастыҚоғам

БҚО-да білім бөлімінің бухгалтері 31 млн теңге жымқырған

Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық білім бөлімінің бухгалтері 31 миллион теңге жымқырды деп айыпталып, 7 жылға сотталды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі  “Хабар 24” сайтына сілтеме жасап.

Сотталушының кінәсі дәлелденді. Тергеу барысында ол мемлекетке келтірілген залалды толық өтеп, соттан бас бостандығынан айырмауды сұрады. Ал прокурор соттан әйелді 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

“Күшаева Ақкенже ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағында көзделген қылмысты жасаған. Оған мүлкін тәркілемей, 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Кәмелетке толмаған екі баласы болуына байланысты жазаны өтеу мерзімі 5 жылға шегерілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ”, – деді облыстық соттың баспасөз хатшысы Нұргүл Қанатбаева.

Сондай-ақ, ол мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдарда жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button