Желіде Каспийге қара сұйықтық ағып жатқан видео тарады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Lada.kz басылымына сілтеме жасап.
Теңізге қара сұйықтық ағып жатқан құбыр “Достар” жағажайы мен Keppel-Kazakhstan ЖШС арасында орналасқан.
Кадрлардан қанық қара түсті сұйықтық құбырдан күшті қысыммен ағып жатқанын көруге болады.
Әзірге Маңғыстау облысының Экология департаменті жағдайға қатысты пікір білдірген жоқ.