БастыҚоғам

Петропавлда құрылысшы қатты дауылдан зардап шекті

Қатты жел кезінде 56 жастағы ер адамның үстіне кәсіби  жабынды  құлап, омыртқа сүйегі сынған, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Петропавловск.news басылымына сілтеме жасап.

Желдің екпіні секундына 30 метрге жеткен дауыл кезінде құрылысшының үстіне кәсіби  жабынды  құлаған. Оқиға бір күн бұрын «Жас Өркен» шағын ауданындағы құрылыс нысандарының бірінде болған.

Көпсалалы қалалық ауруханада құрылысшыға омыртқасы сынған деген диагноз қойылды. Қазір оның жағдайы тұрақты, орташа ауырлықта.

Ал, Қазақстанның солтүстігінде бірнеше күннен бері қолайсыз ауа райы сақталып отыр. Желдің екпіні секундына 30 метрге жетеді. Бір күн бұрын Петропавлда жел үйлердің шатырын жұлып, тоқтап тұрған көліктердің үстіне ағаштар құлаған. Сондай-ақ , 7 және 8 мамырда дауылды ескерту жарияланды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button