Жол-көлік оқиғасы 8 мамыр сағат 11:20 шамасында “Омбы-Майқапшағай” тасжолының Жарма ауданы Шар қаласының маңында болған, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
“Ssang Yong Actyon” маркалы автокөлік жүргізушісі рульді басқара алмай қалып, қарсы бағытта келе жатқан “Ваз-21014” көлігімен бетпе-бет соқтығысты. Апат салдарынан “Ваз-21014” көлігінің 33 жастағы жүргізушісі мен 5 жолаушы сол жерде тіл тартпай кетті. Ал “Ssang Yong Actyon” көлігіндегі 35 жастағы жүргізуші мен кәмелетке толмаған үш жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген”, — деді ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалған.