Павлодарда әйел тоғызыншы қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Бұл туралы Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
“11 мамыр күні сағат 14.37-де облыстың Төтенше жағдайлар департаментінің “112” пультіне 1993 жылы туған әйелдің “Экстрамед” медициналық пунктінің жоғарғы жағындағы пәтердің бірінің тоғызыншы қабатынан құлап кеткені туралы хабарлама түсті”, – деп хабарлады ТЖД.
Оқиға Академик Бектұров көшесі 109 мекен-жайы бойынша болған. Зардап шегуші ауруханаға жатқызылды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, зардап шегуші 1-ші қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды.
Диагнозы – полижарақат, бұғана сүйегінің ортаңғы үштен бір бөлігінің жабық сынуы, сол жақта 5-6-7 қабырғасының сынуы, сол жақ білек астының үштен бір бөлігінің сынуы, ми шайқалу және алкогольдік интоксикация.