БастыҚоғам

Біріккен Араб Әмірліктерінде жаңа президент сайланды

Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) президенті болып Абу-Дабидің тақ мұрагері Мұхаммед бен Зейд Әл Нахаян сайланды. Оны мемлекет басшысы лауазымына БАӘ Жоғарғы федералдық кеңесі тағайындады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Сенбі күні басқа алты әмірліктен келген кеңес билеушілері Мұхаммед бен Зейдтің сарайына жиналып, мемлекет басшысының қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

Жоғары федералдық кеңес Абу-Даби тақ мұрагері Мұхаммед бен Зейдті БАӘ президенті етіп тағайындау туралы шешім қабылдады.

Елді 2004 жылдан бері басқарып келе жатқан БАӘ-нің бұрынғы президенті жұма күні ұзаққа созылған аурудан кейін 73 жасында қайтыс болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button