БастыҚоғам

Ақмола облысында 13 жасар қызды зорлаған күдікті 20 жылға сотталды

Ақмола облысының тұрғыны 13 жастағы қызды зорлады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Elitar.kz сайтына сілтеме жасап.

Тергеу мәліметтері бойынша, 2021 жылдың ақпанында ішімдік ішкеннен кейін ер адам үйіне қонаққа келген 13 жастағы қыздың дәрменсіз күйін пайдаланып, оны зорлаған.

Оқиға туралы полицияға көршілері хабарлаған. Ер адам 20 жылға бас бостандығынан айырылды.

“Сонымен қатар, кінәлі адамға өмір бойына педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқаруға тыйым салынды”, – деді облыстық прокуратураның баспасөз қызметіндегілер.

Басқа жаңалықтар

Back to top button