Ақмола облысының Қосшы қаласында 3 жасар бала абайсызда төртінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, келеңсіз жағдай мамырдың 21-де сағат 16:00 шамасында болған.
«Ақмола облысының Қосшы қаласында 3 жасар бала абайсызда төртінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетті. Зардап шеккен бала Нұр-Сұлтан қаласы балалар ауруханасының нейрохирургия бөлімшесіне жатқызылды», – деді ведомстводан.
Полициядан атап өткендей, бүлдіршін анасы дүкенге шығып кеткенде терезеден құлаған.
Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайын анықталып жатыр.
Отбасы екі бала тәрбиелеп отыр. Арнайы органдардың есебінде тұрмайды.