Доллардың теңгеге шаққандағы бағасы арзандап жатыр, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Күндізгі сауданың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 0,23 теңгеге төмендеп, 424,84 теңгені құрады.
Айта кетейік, доллардың 21-23 мамырдағы ресми бағамы 425,02 теңге болған еді.
Kurs.kz деректері бойынша, қазір Алматының айырбас пункттерінде доллардың орташа бағамы – 424,80 теңге, сатылымда – 429,08 теңге.
Нұр-Cұлтандағы айырбас пункттерінде долларды орта есеппен 424,18 теңгеден сатып алып, 427,16 теңгеден сатып жатыр.