Білім

Алматы облысында оқушы мектеп жанында көз жұмды

Бүгін Алматы облысында мотоцикл тізгіндеген 9-сынып оқушысы мектептің қоршауына соғылып қаза тапты. Куәгерлердің сөзінше, 17 жастағы бозбаланың басы жарылып тілге келместен көз жұмған, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі“КТК” арнасына сілтеме жасап.

“Мен “Аңсар” дүкенінен шыққаным сол еді, мына жақтан қатты жылдамдықпен келіп, бір бала бордюрға мотоциклді ұрып, жерге домалап түсті. Біз келгенше бала қорылдап тұрды. Баланың басы мына жерден бүйтіп түсіп кетті. Соны байқадым”, – дейді куәгер Ботагөз Қыдырова.

Қайғылы оқиға түскі сағат 12 шамасында Талғар ауданына қарасты Еламан ауылында болды. Әкесінің “Ямасаки” мотоциклін айдап кеткен жеткіншек дәл мектептің алдына келгенде тоқтай алмай бордюрге соқтығысқан. Сөйтіп басымен темір қоршауға ұрылыпты.

Қан іздері мен оқушының шашы сол темірде әлі жабысып тұр. Қазір полицейлер сараптама тағайындап, тергеу амалын жүргізіп жатыр.

Қапыда ажал құшқан бозбала №41 орта мектепте 9-сыныпта оқыған. Білім ошағындағылардың айтуынша, тәлімгері таңғы уақытта емтиханға дайындалуға жаяу келіпті. Екі сабақты өткізіп, үйіне қайтқан деп шыр-пыр болып отыр. Ал оқушының мотоциклмен мектепке не үшін қайта оралғаны белгісіз.

“Мектепте 9 сыныпта емтихан болып жатқан жоқ. Олар сағат 9:00-де қосымша сабаққа келген. Осы Батырбаев Ағыбай қосымша сабаққа келді. Мопедті үйіне барып алып келген. Біреулер айтады, мына жақта достары бар, әкесіне көрсетпей тығып қойған дейді. Күнде қауіпсіздіктерді айтып отырамыз”, – дейді № 41 орта мектептің директоры Жанаргүл Күнсақалова.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button