COVID-19-дың таралуын болдырмау жөніндегі ВАК Қазақстанда 11 маусымға арналған эпидемиологиялық ахуал туралы ақпаратпен бөлісті. Келіп түскен мәліметтерге сәйкес, инфекцияға шалдыққандар Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Алматы облысында анықталды, деп хабарлайды degeneken.kz
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 13 жаңа жағдайы тіркелді, оның ішінде:
-
- Нұр-Сұлтанда – 7,
- Алматыда – 5,
- Алматы облысында – 1.
Жалпы, елімізде КВИ бойынша 1 305 862 жағдай расталды.
Алты адам коронавирус инфекциясынан емделіп, ауруынан айықты, оның ішінде:
-
- Алматыда – 3,
- Қарағанды облысында – 3.
Жалпы, елімізде COVID-19-дан 1 292 082 адам сауығып кетті.