БастыСпорт

Бір күміс, бір қола: Таэквондодан Азия біріншілігінде Қазақстан қос медаль еншіледі

Оңтүстік Кореяда өткен Азия біріншілігінің үшінші күні қазақстандық таэквондошылар бір күміс пен бір қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды degeneken.kz

Бұл туралы ақпаратты Қазақстан таэквондо федерациясының баспасөз қызметі жариялады.

Дениз Жансель жартылай финалда ливандық қарсыласын 2:0 есебімен жеңді. Алайда алтын үшін күресте ол Иран спортшысына есе жіберді. Нәтиже – 73 келі салмақтағы күміс медаль.

Смайыл Дүйсебай үздік үштікке енді. 87 келі салмақ дәрежесінде Дүйсенбай алғашқы жекпе-жегін 2:1 есебімен ұтты. Оның қарсыласы Қытайдан келген спортшы болды. Өкінішке қарай, жартылай финалда отандасымыз Өзбекстан спортшысынан 1:2 есебімен ұтылды.

87 келіден жоғары салмақта Руслан Жапаров қытайлық таеквондошыға есе жіберді. Есеп – 0:2.

Басқа жаңалықтар

Back to top button