БастыЖаңалықтар

Футболдан Қазақстанның бес дүркін жеңімпазы ҚПЛ-2022 кестесінде де көш бастап тұр

Қазақстанның белді футбол клубтарының бірі “Ақтөбе” маусымның басында жарияланған болжамға сай өзін ақтап келеді. Болжамға сәйкес, бұл команданың Премьер-лига командалары арасындағы чемпионаттың медаліне үміткерлердің бірі ретінде аты аталған , деп хабарлайды degeneken.kz

Батысқазақстандықтар кезекті турда сырт алаңда қарағандылық “Шахтерді” – 3:2 есебімен ұтып, Қазақстан чемпионатының турнирлік кестесінде бірінші орынға көтерілді. 14 ойыннан кейін олардың еншісінде 26 ұпай бар. “Ақтөбеге” 82-ші минутта француз легионері Уго Видемонттың соққан әдемі голы жеңіс әкелді.

16-турдың бастапқы матчында Түркістаннан келген “Тұран” командасы Қазақстан чемпионы – қостанайлық “Тобылмен” бақ сынасты. Кездесу 2:2 есебімен аяқталды.

“Атырау” өз алаңында “Таразды” қабылдап, 0:0 есебімен тең түсті, ал “Ордабасы” 12-ші турдың кейінге қалдырылған матчы аясында павлодарлық “Ақсумен” өнер көрсетіп, 3:0 есебімен басым түсті.

16-шы турдың қалған кездесулері 3-4 шілдеде өтеді, бұл кезде мына командалар өзара бақ сынайды:

    • “Астана” – “Мақтаарал”
    • “Қайрат” – “Ақжайық”
    • “Ақсу” – “Қызыл-Жар”
    • “Ордабасы” – “Каспий”

Басқа жаңалықтар

Back to top button