БастыЖаңалықтар
Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД басқармасының бастығы қамауға алынды

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД басқармасының бастығы сыбайлас жемқорлық ісі бойынша ұсталды, деп хабарлайды degeneken.kz
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы, яғни “Пара алу” бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын қолға алды. Аталған іс бойынша Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД басқармасының бастығы ұсталып, оған қатысты “қамауға алу” түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды, – деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.



