banner
Жаңалықтар

Түркістан облысында балаларды жан-жақты дамытуға арналған жобалар жүзеге асып жатыр

Балалар мен жасөспірімдерді рухани дамуға, адамгершілікке баули отырып тәрбие берудің маңыздылығы Түркістан облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия отырысында талқыланды.

«Балалар жылын» облыс көлемінде жоғары деңгейде өткізу мақсатында «TURAN-BALAFEST» он күндік фестивалі өткізіліп, оған облыс көлемінде 820 159 бала (балабақша жасындағы – 271 000, мектеп жасындағы – 510 968, колледжден – 37 991) қатысқан.

Фестиваль аясында «Шертпе күйдің шебері», «Балалар және театр», «Жас ақындар айтысы», «Шабандоз бала» жаяу көкпары, «Тұран арландары» қазақ күресі сайысы, облыс әкімінің кубогі үшін ұлдар және қыз балалар арасындағы былғары доп турнирі, «Интелектуалды ұлт» мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасындағы шахмат турнирі, «Армрестлинг», «Салауатты Тұран балалары» әлеуметтік жобасы, «Менің аулам» әлеуметтік жобасы, «Жасыл сақшы» және «Тұран скауттары» жаңа жобалары бастау алды. Аталған жобалар 2022-2023 жаңа оқу жылынан бастап облыстағы барлық білім беру мекемелерінде нақты іске асырылатын болады. Түркістан облысында «Балалар жылы» осындай ауқымды жобалармен өрнектеліп отыр.

«TURAN-BALAFEST» фестивалінің қорытындысы жыл сайын 16-желтоқсан – Тәуелсіздік күні қарсанында қорытындыланып, үздік оқушылар марапатталады. Сонымен қатар облыс бойынша 919 ата-аналар комитеті жұмыс атқарады. Облыстың білім беру ұйымдарында отбасылық тәрбиені нығайту, рухани-адамгершілік тәрбиені дамытуға тікелей ықпал ететін ата-аналармен белсенді, қарқынды жұмыстар жүргізілуде. 2022-2023 жаңа оқу жылынан бастап ата-аналар жиналыстары жаңа форматта ұйымдастырылатын болады. Жаңа формат – бала тәрбиесін ата-аналармен бірге жүргізуге үлкен мүмкіндік береді.

Облыстағы барлық білім беру мекемелерінде өңірлік аналар, әкелер, ақсақалдар кеңестері құрылып, отбасы құндылықтарын дамыту, отбасылық өмірге кешенді тәрбиелеу, ұлттық тәрбие беру жұмыстары жүргізілуде. Білім беру ұйымдарында 900 ардагерлер, 900 әкелер, 809 тәлімгерлер кеңесі жұмыс істейді. «Әкелер мектебі» 761 жалпы орта мектепте құрылған.

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырмасына сәйкес, «Оқушының мәдени нормативі» республикалық мәдени-білім беру жобасын іске асыруда. Пилоттық жобаға Бәйдібек және Түлкібас аудандарынан 30 мыңнан астам оқушы тартылған. Жоба аясында оқушылар «Медиа мәдениеттің» әлемдік мәдениет жауһарларымен: бағыты бойынша мюзиклдерімен, кинокөрсетілімдерімен, концерттерімен, көрнекті орындаушыларымен, мұражайларымен, сурет галереясымен танысты.

Сондай-ақ «Ұлағатты ұрпақ» республикалық мәдени білім беру жобасы іске асырылуда. Облыстағы орта білім беру мекемелерінде оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие беру бағытындағы жұмыстар жаңа форматта жүзеге асырылып, облыста енгізілген жаңа жобаларға барлық мектеп оқушылары мен колледж студенттері тартылатын болады.

«Балаға керегі – ойын. Ең мағыналы пайдалы мектебі, бар қызығы – ойын. Ойында бала көрген–білгенін екшейді, үйренгенін нығайтып бекітеді».

Бала тәрбиесі әр уақытта үлкен мәселе болып саналады. Әрбір қоғамның дамуына байланысты бұл мәселе әрқалай шешіліп отырған. Қазіргі жаңару кезеңінде біздің қоғамымыздың ілгерілеу процесінде адам факторы және оны жандандыру, ел өмірінің барлық жақтарын жаңарту бала тәрбиесінің мәні мен оның проблемаларын күрделендіріп отыр. Осыған байланысты тәрбие берудің тиімділігі мен сапасын арттырудың негізгі бағыты – барлық тәрбиелік істе әрбір баланы жеке тұлға деп танып біліп, жан-жақты қалыптастыру. Осы себептен, «Өзін – өзі тану» пәні «Бөбек» қорының төрайымы Назарбаева Сара Алпысқызының бастамасымен өмірге келіп, тәжірибе нысаны ретінде республикамыздың көптеген білім беретін мекемелерінде жүргізіліп келеді.

Адамгершілік – рухани тәрбиедегі басты нысана – баланы құрметтеу. Баланың қуат қоры мол болғандықтан, оның өмірді танып білуге ұмтылысы зор екенін мойындап, соған орай баланың сезімін тәрбиелеуге, сұлулықты сезінуге, көңіл – күйін реттей білуге көмектесетін «Өзін-өзі тану» пәні болып отыр. Бұл пән болашақ ұрпақтың бойына рухани адамгершілік қайнарын сіңіріп, мінез-құлқын тәрбиелеуге, жалпы адамзаттық құндылықтарды, адамгершілік принциптер мен мұраттарды ғұмыр бойы басшылыққа алатын тұлға қалыптастыруға негізделген. Ізгілік пен сұлулықтың шын мағынасын түсінуге, шынайы мейірімділік пен ақиқатқа ұмтылуға, өз өмірін жоғары мәнмен өткізуге жетелейді.

Балабақшада біздер өз тәжірибемізді жинақтаудамыз. Жұмыс барысында арнайы дайындалған әдістемелік құрал-жабдықтарға жаңаша көзқараспен қарап, саралап, өз жетістігімізді қосып жұмыс жүргізудеміз. Қазіргі ұрпақ тәрбиесіндегі басты мәселе – тұлғаны рухани – адамгершілік тұрғысынан дамыту. Жоғары ізгілік мұраттардың ең құндысы – руханилық. Өзін-өзі жетілдіретін тұлға үнемі ізгілік ұстанымдарын өз бойында шыңдап, жетілдіруге ұмтылады.

Балабақшадағы тәрбие – барлық тәрбиенің бастамасы. Мектепке дейінгі шақ – бала бойына рухани-адамгершіліктің негізін қалайтын кез. Сондықтан да бала бойына жас кезінен бастап жоғары руханилық құндылықтарды: мейірімділік, инабаттылық, сұлулық, жақсылық, еркіндік, өмір мәні т.б. қалыптастыру педагогтардың және ата-аналардың міндеті.

«Өзін-өзі тану» курсының ерекшелігі балалардың өзінің және жолдастарының бойындағы ерекшеліктері мен қасиеттерін ажырата алуына және өз іс-әрекеттеріне баға бере алуға үйретуді міндет етіп қояды. Бұл міндеттің негізгі шешімі – ойындар. Ойынның негізгі ерекшелігі ол балалардың қоршаған өмірді – адамдардың қимылын, іс-әрекеттерін, олардың бала қимылынан туған жағдайдағы қарым-қатынасын бейнелеуі болып табылады. Ойында бөлме ғажайып алаң да, автобус аялдамасы да, қала көшесі де, ғарыш кемесі де болуы мүмкін. Бала сол ойынның сюжетіне еніп, ойлаған түпкі ниеті мен мазмұнына лайықты маңыз береді. Атақты педагог А.П. Усова былай деп атап көрсетті: «Балалардың өмірі мен іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру – оларды тәрбиелеу деген сөз. Тәрбиенің тиімді процесі ойын және ойынның өзара қарым-қатынастары формаларында жүзеге асырылатын себебі сол, бала мұнда өмір сүруді үйренбейді, өз өмірімен тіршілік етеді».

Бала әрқашан, барлық жерде – бала. Бала үшін ойын ол өз тәжірибесін, өмір мен адамдар туралы түсініктерін тексеріп, зерделейтін эксперименттік алаң ғана емес, сонымен қатар, бала үшін ойын – үлкен әлем, үлкендер араласпайтын, ол өзі қалаған нәрсесін жасай алатын оның өзінің жеке, тәуелсіз, таңғажайып әлемі.

Мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның ролі ерекше. Ойын – жалпы адамзат мәдениетінің бірегей феномені, оның қайнар көзі мен шыңы. Мәдениет феномені ретінде ойын оқытады, дамытады, тәрбиелейді, әлеуметтендіреді, көңіл көтертеді, дем алдырады, сонымен қатар, ол сықақтап, күлдіріп, кез-келген әлеуметтік мәртебенің шартты екендігін көрсетеді. Ойындардың мазмұны – адам өміріндегі таусылмайтын жағдайлар мен тақырыптар. Баланы ойын тәжірибесінен құр қалдыру – бұл баланы тек балалықтан ғана емес, сонымен қатар, дамып, жетілудің негізгі көздері: өмірде қажет болатын тәжірибеден, әлеуметтік қатынастар сипаттарынан, ұжымдық қатынастардан, өзін-өзі зерттеуден, әлемді тануға қызығушылық процесін қозғаудан құр қалдыру деген сөз. Ойын барысында балалардың айналадағы дүние жайында мағлұматтары кеңейіп, таным белсенділігі артып, игерген білім машықтарының негізінде бір сюжетке орай басты кейіпкерлерге еліктеуі, ойын ойнауға өзіне серік тауып алуы, онымен шынайы қарым-қатынас орната отырып, таңдап алған ролдеріне деген жауапкершілігі арта түсіп, қиялындағы мүмкіндіктерін байқап көруге жағдай жасайды.

Балалармен жүргізілетін тәрбие жұмысының жалпы жүйесінде сюжеттік-рольдік ойындар маңызды орын алады. Өз ойындарында балалар отбасының тұрмысын, елдің жағдайын, адамдардың жұмысын, жалпы, күнделікті өмірде көретін және еститін құбылыстарды бейнелейді.

Кез келген ұстаздың басты мақсат- міндеті – оқушыларға сапслы білім беру, жан-жақт жетілдіру, оқуға деген қызығушылығын арттыру.

Ойын үлгісінің технологиясы баланың нақ осындай белсенділіктерін арттырады. Кез-келген бала да адамның мәдениеті де ойын арқылы дамиды. Ал бүгінгідей динамика ғасырында, оқу процесінде ойын алдынғы орында, яғни ойын технологиясы арқылы баланың оқуғаынтасын, қызығушылығын арттыру жеңіл болмақ.

Ойын дегеніз- халықтың баланы әдептілікке, сауаттылыққа баулитын қүралдың бірі.

Ойынның түрлері өте көп. Мысалы: рөлдік ойындар, денешынықтыру ойындары, сюжеттік ойындар, дидактикалық ойын элементерін пайдаланудың маңызы өте зор. Дидактикалық ойындар баланың ақыл- ойын дамытып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады. Тіпті нашар оқитын балалардың өздері де ойын элеметтері араласқан сабаққа зор ынтамен ,жігерімен араласатыны анық.

Бастауыш сынып оқушысының зейіні тұрақсыз, импульсивті болғанымен, қабылдау есте сақтау мүмкіндіктері жақсы дамыған.

Сондықтан кез- келген сабақты өткізу үшін дидактикалық ойындар қолдана білу керек. Мысылы «Сауат ашу» оқулығында тақырып соңында тапсырмалар берілген. Осы тапсырмаларды ойын арқылы ойынарқылыөткізугеболады. «Ұйқасын тап»,»Сиқырлы қоржын»,»Өлең жолын құрастыр» т.б. ойындар.

Ал математика оқулығының басты ерекшелі оқу мен тәрбие ерекшелігі жақсы, шебер ұйымдастырған.Математика сабағында баланың логикалық ойлауында дамытатын ойындар «Құрастыру», «Бөлігін тап», «Көршісін тап», «Өрнекті шеш», «Ойлан тап» ойындарын ойнауға болады.

Тіл дамыту, сауат ашу сабақтарында да ролдік ,сюжеттік ойындарды қолдануға болады. Ролдік ойындар мектепке дейінгі балалармен өмірінде елеулі орын алады. Бұл ойындар ұзақ та , қысқа да болу мүмкін.Сюжетті- рөлді ойындар бейнелеу құралы роль мен ойын әрекеті болып табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктену, шындық ты көрсету болып табылады.Мысалы «Дүкен» ойынын ойнағанда балалар сатушы мен сатып алушы әрекеттеріне еліктейді., ал «Мектеп» болып ойнағанда мұғаліммен оқытушының әрекетіне еліктейді. «Отбасы» ойындары арқылы айналадағы өмірді бақылауға, күнделікті өз өмір -лерінен алған білімдерін ойын сюжетіне пайдалануға төселдендіруге болады.

«Ұлттық қазақ ойындары: «Қыз қуу», «Орамал тастау, «Асықтар», «Бәйге» ойындары. Бала өмірінің кезеңі ойын арқылы жетіледі. Ойындар әр топта жас ерекшелігіне сай жүргізіледі. Мен өз тәжірибемде оиындарды көп қолданамын. Сабақ барысында да, күннің жартысында да жүргіземін. Мектепте балалар табысты, жақсы оқу үшін баланың тілдік функйиялары толық дамыған болуы керек. Баланың тілін жетілдіру үшін оны әңгімеше тарта отырып, баланың сөздік қорын жаңа сөздермен толықтырып, түсінігін молайту қажет. Баланың тілін дамытудаойын түрлерін жүргізу арқылы, ойын шарттарын айта отырып та байытуға балады. Мысалы : «Қуыршаққа қонаққа бару», «Мен кіммін», «Қуршақты киіндіреміз», «Шарбақты құрастыру», «Көлемі бойынша қой» деген секілді ойын түрлерін қолдануға болады. Мен кез келген ойын түрлерін сабағымен тақырыбына сай таңдап аламын. Әсіресе дидактикалық ойындарды тіл дамыту сабақтарында пайдаланудың тиімділігін тәжірибе көрсетіп отыр. Сабақты бекіту, баланың шығаршашылығын дамыту, тіл байлығын молайту үшін ойындар сабақтың тақырыбына, мазмұнына сай таңдап аламын. Мысалы: «Телефон» ойынында диалогтық сөйлеудегі әңгіменің мақсаты- бір нәрсе жайында сұралап, баланың оған жауап беруге, белгілі бір әрекетке түрткі болуға үйрету болып табылады.

Қимыл ойындары- балаға дене тәрбиесін беру құрылды. Балалардың жүгіру, секіру өрмелеу, лақтыру, қағып алу қабілеттерін жетілдіруге, дамытуға мүмкіндік береді. Қимыл ойындары баланың жүйке қалыптасуына зор ықпал етеді. Қимыл ойынында ережелер ұйымдастырушы роль атқарады, олар ойынның барысын, жүйелілігін, ойнаушылардың қарым- қатынасын, баланың мінез- құлқын білгілейді Қимыл ойындары үйдің ішінде және серуен кезінде бірнеше баламен немесе бүкіл топпен өткізіледі. Олар сондай-ақ дене шынықтыру сабақтарының құрамына енеді.Балалар ойынды игерген соң өздігінен ойнай алады. Ойын балаларға сабақта серуенге де өте қажет, тіпті бала жай дем алып отырғанын өзінде де ойын үстінде болады. Қимылды ойындар баланың барлық жас кезеңінде өтеді.

Рөлдік ойындар мектепке дейінгі балалар өмірінде елеулі орын алады. Бұл ойындар ұзақа та ,қысқа да болуы мүмкін. Сюжетті- рөлді ойындар бейнелеу құралы роль мен ойын әрекеті болып табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктеу, шындықты көрсету болып табылады.Мысалы «Дүкен» ойынын ойнағанда балалар сатушы сатып алушының әрекеттеріне еліктейді. «Шаштараз», «Отбасы» ойындары арқылы айналадағы өмірді бақылауға, күнделікті өз өмірлерінен алған білімдерін ойын сюжетіне пайдалануға төселдендіруге болады. Педагок өтілген ойынға талдау жасап, оның балаларға тигізген тәрбиелік ықпалы бағалауға, өз тобындағы сюжетті-рөльді ойындарының одан әрі басшылық ету тәсілдерін ойластыруға тиіс.

Қойылымдық ойындарда рольдер, ойын әрекеттері қандай шығарманың, ертегінің т.б. Сюжеті мен мазмұны шарттас болады. Ол сюжетті-рөльді ойынға ұқсас. Барлық балалар ертегіні жақсы көреді, ертек айтып берсең бар ынтасымен тындайды. Ертегі балалардың ой- қиялын, сөздік қорын дамытады.

Құрылымдық ойындар- балалар әрекетінің бір түрі. Оның негізгі мазмұны қоршаған өмірді алуан түрі құбылыстарды және соларға байланысты іс-әректтерді бейнелеу болып табылады. Құрлыс ойыны бір жағынан сюжетті-рөлді ойнауға ұқсас келеді. Балалар ойын үстінде көпірлер, стадиондар, темір жолдар, театрлар, цирктер т.б. ірі құрлыстар салады.

Дидактикалық ойындар кішкене балаларға меилінше тән оқыту формасы болып табылады, оның арғы тегі ойынды өлең мен қимылмен ұштастыру негізінде көп нерсені үйрететін ойындарды жасаған халық педагогикасына жатыр. Мысалы: «Сиқырлы қалпақтың сырын ашайық»- деген ойынды ересек топтарда тәрбиеші балаларды зат туралы айта білуге үйрету, олардың жүйелі сөйлеу қабілетін дамыту міндетін алға қояды. Ойын міндеті-қалпақтың астында не бар екнін білу.Дидактикалық ойындар айналамен танысу сабағында, әдебиет, сабақтарында жиі қолданады.

Бала тәрбиесі қиын да, жауапты міндет. Ұрпақ тәрбиесі қоғамнан тыс, оқшау тұрған емес. Ол қоғамның, заманың бағыт- бағдармен, тыныс-тіршілігімен бірге жүріп отырады. Осы орайда кез-келген бүлдіршін үшін бала тәрбиесі ата-анасына берілген тәлім-тәрбиені одан әрі жалғап, жандыратыны сөзсіз

Балабақшада тәрбиеленушілердің танымдық іс-әрекетін қалыптастыруда негізгі жұмыс түрі- ойын әрекеті.

Бала саналы, мәдениетті, адамгершілігі мол болып , жан-жақты дамуы үшін және тілін дамытып, сөз байлығын дамыту үшін және айналадағы өмір құбылысын ұғыну үшін пайдаланудың маңызы зор.

Ойын үстінде баланың түрлі қасиеттері, қабілеті мен белсенділігі де көрінетіні туралы аса көрнекті педагог А. С Макаренко былай дейді: «Ойында бала қандай болса, өмірде кәсіби қызмет саласында, көбінесе сондай болады». Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу- бәрінен бұрын ойын арқылы жүзеге асыралады. Ойын- балалар үшін айналадағы танып, білу тәсілі.

Ойын ойын әрекеті мазмұнынан әлеуметтік сипаты баланың қоғамдық өмір сүретіндігімен байланысты. Ол алғашқы айлардан бастап- ақ маңайындағылармен қарым-қатынас жасауға ұмытылады, соның арқасында жасау құралы, күш қуаты тілді біртіндеп меңгереді.

Ойын- бала әрекетінің негізгі түрі. Ойын ойнағанда бөлме теңіз де, ұшақ та темір жол вагоны да болуы мүмкін. Балалар ойын кезінде тыныш отыра алмайды. Тіпті жалғыз баланың өзінде де сөйлесіп жүреді.. Сондықтан, ойын барысында тілдесім үлгісі қалыптасады.

Ойындар мазмұнына қарай, өзіне тән ерекшеліктеріне қарай сюжетті-рольді, драматизациялық, дидактикалық құрылыс ойындары, қимылды ойындар, ұлттық ойындар болып бөлінеді.

Сюжетті – ролдік ойынның міндеті – баланың қызығушылығын туғызып, сезімін оятып, рухани-адамгершілік қасиеттерін арттыру. Сонымен қатар өзара сыйластық, қамқорлық, жанашырлық құндылықтарын дамыта отырып, мейірбандылық, жақсылық жасай білуге тәрбиелеу. Бұл құндылықтар – бір күнде қалыптаса қалатын қасиет емес. Бұл – балабақшадан бастау алып, өмір баспалдақтарында шыңдалып, біртіндеп қалыптасатын қасиет. Бастан кешірген табысты істері, қанағат сезімдері балалардың бойында жаңа міндеттер мен мәселелерді шешуге талпыныстарын оятып, өз күштеріне сенуге, өзін-өзі сыйлауға тәрбиелейді. Осы ойындардың арқасында балалар өз істеріне баға бере білуге, өзінің сезімін, әдет-дағдысын бақылай және басқара білуге, сонымен қатар жанындағы адамдардың табиғи болмысымен қабылдап, ізгі ниет, ықылас таныта білуге үйретеді. Әр бала өз ісі мен қылығына жауапкершілікпен қарап, ойын нәтижесінде құрбыластарымен жағымды қарым-қатынас жасау дағдыларына ие болады, өмірлік әлеуметтік дағдыларды меңгереді.

Орыс жазушысы Ю.Нагибинның сөзімен айтқанда: «Ойын балаларға өткенді тірілтіп, болашаққа көз жүгіртуге мүмкіндік береді. Ойында кішкентай адамның мінезі, оның өмірге деген көзқарасы мен армандары айқындалады. Өздері де соны байқамастан, балалар, ойнап жүріп күрделі өмірлік проблемаларды шешуге дайындалады» .

2009 жылдың сәуір айының 23 жұлдызында Қарағанды қаласында «Өзін-өзі тану» пәні бойынша адамгершілік – рухани білім беруді ұйымдастырудағы ғылыми-әдістемелік бағдарлар» атты Республикалық ғылыми-әдістемелік семинар өтті, біздің балабақша алаңы осы семинарда практикалық тәжірбиемен бөлісті. Семинардың ғылыми-әдістемелік бағыты: өзіне және қоршаған әлемге эмоционалды – шығармашылық қатынасы арқылы әлеуметтік рольдерді ойын әдістерімен және тәжірибемен орындауы көзделді. Алдымызға төмендегідей мақсатты қойдық: ойын кезіндегі әртүрлі жағдаяттарға әдістемелік тұрғыдан қарау және балалардың өмірлік дағдыларын қалыптастыру. Тәжірбиемізбен алмасуда біз «Өзін-өзі тану» пәнінің ҚР жалпы орта білім беру мемлекеттік жалпыға міндетті стандартты рухани-адамгершілік білім дағдыларын ғылыми-әдістемелік тұрғыдан енгізуді жөн көрдік. Ұлы орыс жазушысы М.Горький: «Ойын арқылы бала дүниені таниды», – демекші, «Өзін-өзі тану» пәнінің негіздерін ойын арқылы 2-ші кішкентайлар тобынан бастап әлеуметтік және құндылық – мәнді құзыреттіліктерін қалыптастыруды көздедік. Осы жұмыс арқылы біз бала бойында әлеуметте және балалар қауымдастығында, жанұяда, өмірде қажет болар қабілеттерді қалыптастырып дамытуды ұстанамыз. Мысалы: 2 –ші кішкентайлар тобында өткізілген «Автобус» сюжетті-рольді ойыны осы шынайы өмірлік жағдаяттардан туындаған нақты немесе басқа да іс-әрекеттерді орындау барысында әлеуметтік қарым-қатынас әрекетін жетілдіруге арналды. Бала кішкентайынан бастап белгілі бір мамандыққа бейімделіп ойнайды. Балабақшада көбінесе «автобус жүргізушісі» болып ойнағанды жақсы көреді. Кәсіптік ойындардың мәнін терең түсінген тәрбиеші баланы осы кәсіпке қызықтыра білу үшін мадақтау, сендіру, түсіндіру әдістерін қолданды. Көздеген міндеттеріміз:

  • достарға деген мейірімді қарым–қатынасқа үйрету;
  • адалдық қасиеттерін дамыту;
  • балалардың ойын тапсырмалары мен ережелерін орындауға бағытталған дербестігін тәрбиелеу;
  • үлкендерге, құрдастарына деген құрмет сезімін және олардың ойын үстіндегі қимылдары мен мінез-құлықтарына қызығушылық сезімін тәрбиелеу.

Ойынды ұйымдастыру алдында біраз жұмыстар жүргізілді:

  • көліктер туралы білімдерін бекіту жұмыстары;
  • мамандықтар туралы әңгіме өткізу;
  • техникалық оқу құралдары арқылы автобуспен таныстыру;
  • жеке балалармен психологтың жұмыс жүргізуі;
  • өз еріктерімен рольдерді таңдауды үйрету.

Ойын барысында балаға әр түрлі жағдайда кездескен адамдардың роліне енуге қиялындағы мүмкіндіктерін байқап көруге жағдай жасалды. Үлкендердің берген нұсқауына қарап олар өздерінің көзқарасын білдірді, мәселелерді шешіп үйренді және бір-бірімен қарым-қатынас жасауға дағдыланды. Ұйымдастырылған әр түрлі жағдаяттарда дұрыс шешім тауып, бойларына сіңірген рухани-құндылқтарды көрсете білді. Осылайша бұл сюжетті-рольді ойын баланың өзінде ой – ниет туғызуға, ойындық әрекеттер баланың әлеуметтік тәжірбиесіне байланысты болып, таңдаған ролін анықтауға, рольді ережемен ойнауға үйретті. Ойынның мазмұны баланың өзінің әлеуметтік және ойындық тәжірибесіне сай құрылды. Ойын барысында балалар өмір сүрудің белсенді формаларын игеріп, сол арқылы ересектерге еліктеп, олардың іс-әрекеттерін, қарым-қатынастарын үйренді. Сонымен бірге еңбектің мәнін түсініп, адамгершілік нормаларын игерді, әлеуметтік рольдер атқарды. Сана-сезімі, еркі, өзін-өзі бақылауы, өзінің іс-әрекетін басқалардың іс-әрекетімен үйлестіру қасиеттері жетілді. Демек, ойын балалар бақшасының тәрбие және оқыту жұмыстарымен тығыз байланысты. Ойында балалардың алған білімдері жетіліп, өзін дұрыс ұстау ережелері бекітіледі.

Қызықты ойынсыз балалар әлемінің болуы мүмкін емес. Балалардың ойындары қызықты және алуан түрлі болуынан оларды қоршаған орта кеңейіп, өмірлеріндегі жарық пен қуаныш көбейеді. Сөйтіп сюжетті-рольдік ойын бүлдіршіндердің өзі-өзін тануына көмектеседі, өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі басқаруға жетелейді.

Семинарымыздың екінші ойын іс-әрекетінде экспериментке тікелей қатысы бар, яғни 2008-2009 оқу-тәрбие жыл бойы экспериментке қатысқан № 5 «Балдырған» ересектер тобының балаларының қатысуымен «Көшеде» атты әлеуметтік-рольдік ойының семинар қатысушыларының назарына ұсындық. Бұл ойынның алға қойған мақсаты мен міндеттері жоғарыда көрсетілген екінші кішкентайлар тобында өткізілген ойын іс-әректімен байланысты болса да, ересек балалар болғандықтан нақты өмірлік жағдаяттарды күрделендіріп өткіздік. Балалардың жағдаяттарды бағалай білу қабілеттерін дамытуға, өздерінің ойлары мен істері, әрекеттеріне жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал ететін әдістемелік тәсілдер көбірек қолданылды. Осы топтың балаларына жағдаяттарды талқылауға, олардың ойлауға бейімділіктеріен, өзін және өзгелерді бағалауға икемділіктерін, қоршаған әлеммен жағымды өзара әрекеттестікті құра білу іскерліктерін қалыптастыруға мүмкіндік бердік. Оқу ақпаратын жеткілікті көрнекілік нысанда ұсынуға мүмкіндік беретін әдістемелік тәсіл – мультфильм көру тәсілін қолданылдық. Бұл айқын көркем бейнелер балалардың өтілген материалдардың мазмұнын дұрыс қабылдауын және меңгеруіне жағдай жасады. Алға қойылған түйінді құзіреттер: өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынасты жасау. Түйінді құндылықтар: мейірімділік, қамқорлық, әдептілік. Күтілетін нәтиже: Әлеуметтік ойын арқылы адамзаттың рухани тәжірибесін тануға мүмкіндік беретін жалпыазаматтық құндылықтар жүйесінің қалыптастырылуы. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын кезінде өз қызығушылықтарын өзгелердің қызығушылықтарымен үйлестіре білуі.

«Көшеде» әлеуметтік-рольдік ойыны барысында балаларға мультфильмдерден көрсетілген жағдаят үзінділерін талқылауда тәрбиеші түрлі сұрақтар қоя отырып балалардың өз беттерімен ойларын жеткізуге жетеледі. Мысалы: Бұл жағдаяттар мультфильмде болды, ал өмірде осындай жағдаяттар кездесе ме? Ал сендер осындай көшелерде, яғни қасқыр сияқты бұзақылар, қоқыстар бар жерде тұрғыларың келе ме? Біздің өмірімізде осындай жағдаяттар кездеспеу үшін, біз не істеуіміз керек? Қала көшелерінде осындай жағдаяттардың алдын ала қалай ескертуге болады? – деген сұрақтр балалар үшін ой-түрткі болды. Балалар сұрақтарға жауап бере отырып ойларын ізгілік күйде бейімдей, іштей игі тілек білдіре, өз ойларын ашық, жасқанбай айтуға тырысты.

Ойын баланың тек тәртібін ғана емес, сонымен қатар оның ішкі өмірін реттеп, өзін, өзінің қоршаған әлемге қатынасын түсінуге мүмкіндік береді. Бұл баланың бастамашылық танытып, шығармашылық көрсететін бірегей саласы. Сонымен қатар ойында бала өзін бақылап, бағалап, не істеу қажет екендігін түсініп, дұрыс қадамдар қолдануды үйренеді. Өз бетімен саналы әрекеттер жасап үйренуі арқылы бала өмірдің саналы субъектісі бола алады.

Бүгінгі күнгі мектеп жасына дейінгі балалар өз әрекеттерін ұйымдастырып, негізді ету білмейді. Көпшілігінде қиял сезімі жетілмеген, олардың шығармашылыққа талпыну құлқы жоқ, өз беттерімен ойлана алмайды.

Мектепке дейінгі жас – тұлғаны қалыптастыруға ең қолайлы кезең, сондықтан, аталған қабілеттер кейін өздігінен дамиды деп қателеспеген жөн.

Ойынның күрделі болмауы балалардың коммуникативтік дамуларына келеңсіз әсерін тигізеді, себебі, ара-қатынастар тек бірге ойнау барысында қалыптасады. Бірге ойнау – қатынастардың басты мазмұны. Ойнап, түрлі ойын рольдерін орындау барысында балалар жағдайларды жан-жақтан көріп, басқалардың әрекеттері мен мүдделерін ескеріп, ереже сақтауды үйренеді. Кері жағдайда мағыналы қатынас та, бірлескен әрекеттер де болмайды.

Ғалым, педагогикалық ғылымдар кандидаты, доцент О.В.Солнцеваның пікірінше, үлкендердің балалар ойындарындағы ролі олардың ересектенуімен бірге өзгереді. Басында оқытушы ойын әдістерін үйретуші ретінде, кейін екі-үш баланың ойынына қатысушы болады. Одан кейін ол балалардың ойын ұйымдастырудағы көмекшісі және ойын қатынастарын реттеушісі. Ең соңында, ол балалар ойынына сырттан қарап, қажет болған жағдайдарда кеңес беруші болады. «Өзін-өзі тану» пәні арқылы балалар өз ойы мен сезімдерін еркін білдіруге, өзін-өзі бағалауға ұмтыла бастады. Өзін қоршаған ортаға, табиғат аясындағы жанды-жансыз заттарға көңіл бөліп, қамқорлық жасауға, айналасындағы балалармен достық қарым-қатынас орнатуға тырысатын болды. Мінез – құлық пен іс-әрекеттегі жағымды және жағымсыз әдеттерді ажыратып, өз қателіктерін дер кезінде мойындауға дағдыланды.

Қазіргі заман талабында мектеп жасына дейінгі балаларда өзінің ішкі жан дүниесін танытып, өзін-өзі басқару негізінде адамгершілік-рухани потенциалын дамыту. Қоғамдағы әлеуметтік нормалар мен ережелер туралы нақты түсініктерін қалыптастыру. Сол себепті қазіргі ұрпақ тәрбиесіндегі басты мәселе күнделікті бірлесе атқаратын ойын әрекеті барысында тұлғаны рухани-адамгершілік тұрғысынан дамыту, яғни олардың талап-тілегімен санасу, жанашырлық сезімдерін дамыту.

Балалар әлемі күрделі әрі ерекше, оған еніп, түсіну ең соңғы математикалық және социологиялық әдістерді меңгерген адамдар үшін де оңай емес. Балалар өз қатынастары мен ермектеріне кез-келген адамды кіргізбейді.

Балалық шақ – адамның ең бақытты және уайымсыз кезеңі ғана емес, сонымен қатар бұл – тұлғаның қарқынды қалыптасу кезеңі. Балалық шағында қалыптаспаған нәрселердің орнын үлкен адам кейіннен толықтыра алмайды. Баланы оқуға мұқтаждау барысында біз одан ойынды, демек, балалық уайымдарды, талпыныстар мен қатынастарды тартып алатынымызды есте сақтап, ұмытпауымыз қажет.

Ойнау барысында балалар өздерін, өз мінездерін қалыптастырады, ал ең бастысы – ойын жақсы мен жаманды ажыратуды үйретеді, ойында балалар мейірімділік пен достықты бойларына сіңіреді.

Семинардың қорытыңдылау бөлімінде балабақша педагог-психологы Абильтусупова Салтанат Тұрсынханқызы семинар қатысушыларына «Ойын – өмір мектебі» тақырыбы бойынша рефлексиясын жүргізді. Рефлексия көрсетілген іс-әрекеттер бойынша төмендегідей сұрақтармен жалғастырылды.

  1. Жағдаятты ұйымдастыруда, баланың рольді тандау дербестігі ескерілді ме?
  2. Сіздің байқауыңызша, балалар қандай рольді көбірек қалады?
  3. Сіздің ойыңызша, бірінші ойын іс-әрекетінде психолог және тәрбиеші қандай эксперименттік жағдаяттар ұйымдастырды?
  4. Егер бала ойын әрекетінде этикаға және негативті мінез құлыққа жатпайтын жағымсыз әрекетерге еліктесе, педагог қандай шешім қабылдауы керек?
  5. Сіз ойындардың нәтижесін қалай бағалайсыздар?

Осы қойылған сұрақтар бойынша әріптестеріміз өз ойларын, пікірлерін ортаға сала отырып,ойынның бала тәрбиесінде пайдасы зор екенін, өзінің қайталанбас ерекшелігімен қызықтырғанын, әрі болашақта өз жұмыстарына пайдаланатындықтарын айтып өтті. Сонымен қатар көрсетілген әлеуметтік іс-әрекеттер баланың жеке тұлға ретінде және рухани-адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына тигізер әсері мол екенін атап өтті.

«Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала болар ма» деп халқымыз айтқандай, баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмір танымы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады.

Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, «Мектеп жасына дейінгі балалар үшін ойынның айрықша маңызы бар: ойын олар үшін – оқу, ойын олар үшін – еңбек, ойын олар үшін – тәрбиенің мықты формасы.»

Ойын – мектепке дейінгі балалар үшін айналадағыны танып білу тәсілі.

Сюжетті-рольдік ойындар баланың зейінін, ойлау, қиялын қалыптастыруда зор маңыз атқарады.

Ақыл-ойды дамытатын мазмұнды-рөлдік ойындар белгілі ережелерді сақтап ойнауды талап етеді және ойындар баланың тапқырлығын, зейінділігін арттырумен қатар, ерік, сезім процестерін де дамытады.

Баланың дене түзілісінің дұрыс қалыптасуына әсер ететін және ақыл-ойын, денесін сергітетін ойындардың бірі-қимыл қозғалыс ойындары. Тәрбиеші серуен кезінде еркін қимыл-қозғалысына жағдай жасауы керек. Серуенге жоспарланған қимылды ойын түрлерінің қызықты, көңілді өтуіне ерекше көңіл бөлген жөн. Балалардың ойынына басшылық ету педагогтан шеберлік пен әдептілікті талап етеді. Қорыта келгенде, ойын балалардың жан-жақты дамуына, көру, есту, сезу, тіл дамыту, сөздің дыбыстық мәдениетін қалыптастыруда әсерін тигізеді.

Тәрбиешінің негізгі міндеттерінің бірі – бала ойынына басшылық ету, мазмұнды-рольдік ойындарды қадағалау, тәрбиелік мәні бар ойындар ұйымдастыру. Сонымен бірге әр баланың шығармашылық бастамасын, көңілдегі ойды өздігінен жүзеге асыра білуін, ойынның мазмұны мен шартына сәйкес өзін-өзі ұстай білу қабілетін, жолдастарына сыпайы, достық ықыласпен қарау сезімін дамыту болып табылады.

Біз болашақта Қазақстан Республикасын өркениетті, бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосамыз деп үміт етіп отырған халықпыз. Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның әлемдеге бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында: – «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет» деген болатын. Сондықтан сол елдердегі бар жетістіктер бізде де болуы керек, өйткені жаңа ХХІ ғасыр – бәсеке ғасыры.

Еліміз жыл сайын білімді, ақылды жасөспірімдермен толығып келеді. Ендеше, болашаққа деген сенімділік те бізде мол

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button