“Эрудит” интеллектуалды ойынында тараздық жастар жүлделі орындарды иеленді

Өткен жылы аудан әкімі Уласбек Садибековтің қолдауымен және аудандық “Жастар ресурстық орталығының” ұйымдастыруымен “Эрудит” интеллектуалды ойыны бастау алды.
Аталған ойынға жергілікті жастар қызығушылықтарын танытып келеді.
Биыл осы ойын тағы жалғасын тауып, республикалық деңгейде өтті.
Зияткерлік сайысқа Түркістан өңірінің аумағындағы аудан, қалалар мен Тараз, Шымкент қалаларынан келген жалпы 30-ға жуық команда қатысты.
Жастар тарихи-танымдық, логикалық және өзге де қызықты сұрақтарға ізденіп, жауаптарын берді.
Бұл жобаның негізгі мақсаты – дарынды жастарды анықтау, олардың танымдық қызығушылықтарын ояту арқылы білім деңгейін көтеру. Сондай-ақ, интеллектуалды ортаны қалыптастыру.
Интеллектуалды сайысқа өзі де белсенді қатысып, ерекше қолдауын көрсететін облыстық мәслихаттың депутаты Динара Егамбердиева және “Аманат” партиясы Сайрам аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Алмас Абдикадиров.

Топтық ойындарда білім мен біліктілігі, тапқырлық пен ой ұшқырлығы жағынан бірнеше команда көзге түсті.
Ойын соңында Тараз қаласынан келген “Dream Team” командасы Бас жүлдеге ие болды. Екінші орынды Түркістан облыстық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің атынан сынға түскен “Тұран” командасы алды. Сонымен қатар, Сауран ауданының командасы үздік үштіктен көрінді.
Сонымен қатар, тараздық “QazIQ Тараз” және Созақ ауданының командаларына арнайы ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.
Жүлделі орын алған командаларға арнайы дипломдар мен қаржылай сый-сияпаттар табысталды.



