БастыЖаңалықтар

Нұр-Сұлтанда белгісіз біреу Glovo курьерін ұрып-соққан

22 тамыз күні сағат 19:50-де елордалық полицейлерге белгісіз біреулер Glovo курьерін ұрып-соққаны туралы ақпарат келіп түсті, деп хабарлайды degeneken.kz

Төрт жігіт Subaru көлігін тізгіндеп, кейін тоқтаған. Олардың бірі көліктен түсіп, Glovo курьерін таяқпен жарақаттаған.

Аталған факті бойынша Есіл ауданының полиция бөлімі 1-бап бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша қылмыстық іс қозғалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады, – деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласының полиция басқармасы

Басқа жаңалықтар

Back to top button