Жаңалықтар

Түлкібастағы елді мекенге газ тартылып жатыр

Он үш мыңнан астам халқы бар Түлкібас ауданында газбен қамту көрсеткіші 99,8 пайызды құрайды. Ондағы елді мекендер көгілдір отынмен қамтылған. Бір ғана шалғайда орналасқан Иірсу ауылы табиғи газбен қамтылмаған болатын. Бүгінде ауылда 19 шақырымға жуық газ құбыры тартылып жатыр.

Ауылдың ең қиын таулы 15 шақырымға жуық учаскесіне құбыр тарту жұмыстары аяқталып, енді ішкі көшелеріне газ құбыры тартылуда.
Аудан басшысы Нұрлан Байғұт жауапты мамандармен бірге нысандарды аралап, жұмысты сапалы әрі мерзімінде аяқтау мақсатында біршама тапсырмалар жүктеген.
Айта кетсек, аудан әкімі елді мекеннің даму перспективасын ескеріп, қосымша үйлер түсетін жерлерге құбыр бөлігін қалдыру мәселесін назардан тыс қалдырмаған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button