БастыЖаңалықтар

Алматыда бір апта бұрын жоғалып кеткен екі оқушы табылды

Алматыда бір апта бұрын жоғалып кеткен екі оқушы табылды, – деп хабарлайды degeneken.kz тілшісі.

Алматы полициясы 7 ақпан жоғалып кеткен екі оқушының қайда екенін анықтап, ата-анасына тапсыру үшін полиция бөлімшесіне алып келді.

“Қазір криминалдық полиция бөлімшесі із-түзсіз жоғалғандар тізімінде тұрған екі жасөспірімді тапты. Қазір олар полиция бөліміне жеткізіліп, ата-анасына тапсырылады. Олардың мекенжайы анықталды. Екеуі уақытын компьютерлік клубтарда ойнаумен өткізген”, – дейді Бостандық аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Мақсат Қанапяев.

Басқа жаңалықтар

Back to top button