Жаңалықтар

Түркістан облысында бірінші көпсалалы IT мектеп ашылды

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес облыс орталығында арнайы IT Hub ашылды. Облыстағы бірінші көпсалалы IT мектебі жоғары білікті мамандарды дайындауға бағытталған. Turkistan Hub ғимаратында орналасқан жаңа білім ұясының жұмысымен танысқан облыс әкімі Дархан Сатыбалды IT саласындағы өңірдің үздік жастарымен кездесті. Замануи Dosti IT School мектебінде 20-дан астам бағытта курстар бар.

Жаңа білім ошағында IT саласы бойынша халықаралық және республикалық байқаулардың жеңімпаздары, цифрлық саланың майталмандары жаттықтырады. Онда бір уақытта 80-нен астам баланы оқытуға мүмкіндігі бар.

Мектеп заманауи құрал-жабдықтармен және робототехника кабинеттерімен жабдықталған. Оқушылар үшін балаларда цифрлы білім мен дағдыларды дамытуға бағытталған арнайы білім беру бағдарламалары әзірленген. Облыс әкімі IT саласын жетік меңгеруді ауыл мектептерінде кеңінен таратуды атап өтті.

– Елімізде білім саласындағы цифрландыруға көп көңіл бөліп отыр. Аталған салада кәсіби мамандарға деген сұраныс өте жоғары. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жоғары білікті IT маман даярлау міндетін қойғаны белгілі. Осы бағыттағы жұмыстар тоқтамайды. Біз балаларды цифрландыруға үйретуді қолдауымыз керек. Ол үшін ІТ мектептерді кеңінен ашуды қолға алуымыз керек,-деді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.

ІТ мектептердің ерекшелігі – ІТ технологиялар саласындағы мамандану, ерте профильдеу, робототехника мен бағдарламалауды тереңдетіп оқыту, 5D модельдеу. Жыл сайын IT мектептердің саны арта береді. Инвесторлар қосымша тағы екі мектеп ашуды жоспарлауда.

Мектепте 10 жастан бастап білім алуға болады. Оқушылар әлемдік деңдейгегі компаниялар пайдаланатын С++ және Python бағдарламаларымен жұмыс істеп үйренеді. Кәсіптік бағдарламалау курстары микроконтроллер платформаларын басқаратын жүйелер үшін бағдарламалық жасақтама жасауды үйретуге арналған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button