ОҚУШЫЛАР ҮШІН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ

Биыл елімізде кәсіптік-техникалық білім беруге ерекше көңіл бөлініп отыр. Колледжерде білім алып, кәсіп иесі атанамын деген талапкерлерге мемлекет тарапынан гранттар қарастырылған. Шымкенттегі белді кәсіптік оқу орындарының бірі – Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің колледжі. Бүгін – білім ордасында талапкерлерге арналған Ашық есік күні өтті. Оған қаламыздағы мектептерден 500-ге жуық 9 және 11 сынып оқушысы қатысты.
Жақында қолына құжаты бар оқуышылар мен ата-аналар үшін оқу орындарын кезетін кезең басталады. Негізгі және орта білімі бар оқушылар мамандық таңдап, студент атанады. М.Әуезов Университетінің колледжі Ашық есік күнін өткізіп, талапкерлердің басын қосты.
Колледжде білім беру бағдарламасы академиялық дербестік аясында құрылған. Сол себепті мұнда бірнеше техникалық және кәсіптік мамандықта сапалы білім алуға негіз бар.
Мектеп оқуышлары сынып жетекшілерімен бірге алдымен колледждің оқу-практикалық базасымен танысып шыққан. Олардың қатарында мұғалім болуды армандайтын Алина да бар.
«Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деп дана Әл-Фараби айтқандай университет колледжінде сапалы білімнен бөлек, саналы тәрбие беру ісі де жүйелі жолға қойылған.
М. Әуезов атындағы ОҚУ колледжінде бүгінде 1200-ге жуық білім алушы бар. Былтыр 770-і студент мемлекеттік тапсырыс негізінде грантқа оқуға түскен. Биыл да тегін білім алуға мүмкіндік бар, ал ақылы бөлімге түскендерге жеңілдіктер қарастырылған.



