Жаңалықтар

СТУДЕНТТЕР БІР КАРТАМЕН БӘРІН ТӨЛЕЙ АЛАДЫ

Шымкентте алғаш құрылған жоғарғы оқу орны IT бойынша да көш бастайын деп тұр.  Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті мен цифрлы технологиялар саласындағы компаниялар мен сарапшыларды біріктіретін Digital Road коммерциялық емес ұйымы арасында өзара ықпалдастықты арттыру жөнінде меморандум қабылданды.


ОҚМПУ ақпараттық технологиялар саласындағы кәсіпкерлерді біріктірген қауымдастықпен бірлесті. Университеттегі қызметтер сервисін цифрландыру басты мақсат. Студенттердің цифрлық картасын актуалды сервистермен толықтыруды, үздік IT модельдері негізінде бірыңғай сервистік платформа құруды мақсат тұтады.

Ақпараттық сервистерді өзара кіріктіруде Tolem электронды жүйесінің маңызы зор. Платформа арқылы университеттегі бірқатар сервистерді бірыңғай электронды формаға көшіру көзделіп отыр.

Айту керек, Digital Road компаниясы IT саласының заманауи алаңын ашып, сұранысқа ие ақпараттық ресурстар әзірлеуді мақсат тұтады. Бәсекелестік нарықта лайықты орны қалыптасқан. Ақпараттық технологияларды ілгерілету, қоғамда цифрлық сауаттылықты көтеруді мақсат тұтады. IT саласындағы іргелі стартап жобаларын құру, жастарға ұтымды шешім қабылдауға баулу да ұжымның миссиясына жатады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button