Жаңалықтар

ЖЕТІСАЙДА МАҚТА ШИКІЗАТЫН ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСЫРЫЛАДЫ

Берекені көктен емес еткен еңбегінен тілеген Жетісайлық шаруалар биыл да алғашқылардың бірі болып ерте пісетін көкөніс өнімдерін экспорттап үлгерді. Дихандар қырық қабаттың басым бөлігін Ресей мен Беларус елдерімен қатар Алматы, Астана Шымкент қалаларынада жөнелтіп жатыр. Ауданда биыл жалпы 76,2 мың гектар жерге егін себілсе оның 45 мың гектарына мақта шиті себіліпті. Енді сол мақта шикізатын өңдеу зауыты жобасы іске асырылмақ.

Жетісай ауданында биылғы жылдың бірінші тоқсанында өндірілген аумақтық жалпы өнім көлемі 16,1 млрд теңгені құраса, ал негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 4,1 млрд. Теңгеге жеткен. Сонымен қатар, бүгінде ауданда егіс науқаны аяқталып, 76,2  мың гектар егіс егілген. Оның ішінде 45 мың га мақта, 19 мың га бақша, 2,1 мың га көкөніс, 4,6 мың га дәндік жүгері дақылдыры себіліпті. Бүгінгі күнге ауданда 32,5 мың тонна өнім жинақталған. Оның ішінде дихандар қырыққабат дақылының басым бөлігін Ресей, Белоруссия елдерімен қатар еліміздің Алматы, Астана, Шымкент қалаларына және басқа да облыстарға жөнелтіліп жатыр екен.

Серік Пірімбеков

Жетісай ауданы әкімінің орынбасары
– Ауданның егістік жерінің біршама жеріне мақта дақылы егілетінін өздеріңіз де жақсы білесіздер. Бұл бойынша ауданға жан-жақты инвесторлар тарту жұмыстары жүргізілуде. Осы мақсатта өткен жолы көршілес Өзбекстан Республикасында мақта кластерін дамыту үшін инвесторлармен іскерлік кездесулер өткізіліп, екі жақты келіссөздер жүргізудің алғышарттары жасалуда.

Айта кетсек, ауданда 105 елді мекеннің 104-і орталықтандырылғын ауыз сумен қамтылып, 112 елді мекеннің 105-і орталықтандырылған электр желісіне қосылған. Бұдан бөлек, 2023 жылға жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласын дамытуға Ұлттық қор, облыстық және жергілікті бюджет есебінен 1,9 млрд. теңге бағытталған. Сондай-ақ, ауданда жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 5056 азамат тұрақты және уақытша жұмысқа қатыстырылған.

Биыл жетісай ауданында азаматтардың жеке қаражаттары есебінен Ж.Ералиев ауылдық округінен құны 300 млн теңгеге 10 мың тонналық «Тұран Мақта» ЖШС «Мақта шикізатын өңдеу зауыты» жобасын жүзеге асыру көзделген. Оған қоса Жаңаауыл ауылдық округіндегі құны 350 млн теңге болатын «Тоқыма емес мата өндірісі» жобасы қолға алынбақ. Ал, Мақталы ауылдық округінен құны 790 млн теңге болатын «Мақталы Жер» ЖШС «Тұқымдық шит өндірісі зауыты», 100 млн теңгеге бақша өнімдерін қайта өңдеу цехын салу жоспарлануда. Ең негізгісі Жетісай қаласындағы құны 200 млн теңгелік аяқким өндірісі жобасын жыл соңына дейін іске қосу жоспарлануда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button