Спорт

“ОРДАБАСЫ” – “ОҚЖЕТПЕС” 1:0

 

Футболдан премьер – лига командаларының 10 турдағы ойындары өтті. «Ордабасы» өз алаңында көкшенің «Оқжетпес» командасын қабылдады.  1-0 есебімен ұтты. Жеңіс голын бразилиялық легионер Альваро Ауро салды.

Екі команданың кездесуі жойқын болады деп болжанған. 20 мыңға жуық жанкүйер бір ғана голға куә болды. Матчта мүмкіндік көп еді. Көкшетаулықтар да кездесуде аса белсенділік танытты.  Шымкент футбол мектебінің өкілдері Санат Жұмаханов, Мардан Төлебек, Самат Шәмші сынды футболшылар қайсарлық танытты. Асқат Тағыберген бастаған жігіттер алғаш болып есеп ашты. Бразилиялық ДА КРУЗ Альваро Ауро алыстан соққы жасап бразилия стилімен гол салды. Есеп 1-0. “Ордабасының” 1 ғана доп айырмасымен жеңгеніне жанкүйерлер қанағаттанбай қалды. «Оқжетпестің» қауқар көрсеткенін командада шымкенттік ойыншылардың көптігін байланыстырды ел. Оның үстіне команданың физикалық жаттықтырушысы “Ордабасы” командасын көп жыл жаттықтырған білікті маман Андренй Ферапонтов еді. Жанкүйерлер жаттықтырушының тактикасына тәнті болды. Айта кету керек, Түркістан облысының намысын қорғап шыққан Мақтаарал командасы турнирдің соңында қалды. Нәтижесінде бас бапкерін ауыстыруға тура келді.  Енді  команданы Қайрат Нұрдаулетов баптайты. Олар кеше Қостанайда бір доп айырмасымен Тобылдан жеңілді. Турдағы қызықты ойын Алматыда «Қайрат» пен « Қайсар» арасында өтті. Жігерлілік танытқан қызылордалықтар жауапсыз 3 гол салды. Енді Ордабасы Петропавлға қонаққа барады.  Жерлестерімізге жеңіс тілейміз!

Басқа жаңалықтар

Back to top button