ЖаңалықтарСпорт

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА ШЕКТЕУ ЖОҚ!

Шымкент қаласында алғаш рет есту қабілеті зақымданған ерлер арасында футболдан турнир өтті. Шараны Қазақстан саңыраулар қоғамы, Қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалы ұйымдастырды. Жарысқа 100ге жуық есту қабілеті нашар жандар қатысты.

Қазақстан саңыраулар қоғамы, қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалы ұйымдастырған шара жоғарғы деңгейде өтті. Шымкент қаласының срдоаудармашы Мира Төленқызының атсалысумен саңырау жандар теңқұқылы азаматтармен теңесіп футбол ойнады. Турнир «Болашақ» спорт кешенінде өтті. Түркістан облыстарынан жиналған  бес команда бақ сынап, арнайы орындармен марапатталды.

Ойын тартысты өтті. Бірінші орынды  ЖСШ командасы иеленсе, екінші орынды Шымкент командасы жеңіп алды. Үздік үштікті Ақсу командасы қанжығасына байлады. Ал, демеушілік білдірген  ерікті азаматтар қатысушыларға  арнайы сыйлықтар таратып, ойыншыларға жоғарғы көңіл күй сыйлады.

Турнир соңында барлық қатысушылар өздерінің ыстық ықыластары мен алғыстарын жеткізді. Турнир жыл сайын дәстүрлі түрде жалғасын таппақ. Дауыстың орнына қолдарын сөйлеткен жандарға мұндай жарыстардың  көптеп өткізілуін қалайтын жандар әркез қолдау білдіруге дайын екенін білдірді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button