Жаңалықтар

ШАРУАШЫЛЫҚТЫ НЕСИЕЛЕУ НӘТЕЖИЕСІН БЕРУДЕ

Елімізде ауылшаруашылығын дамытуға көптеген көмек беріліп келеді. Бір ғана  «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ жыл басынан бері мыңдаған шаруаға көмек қолын созған. Соның тиімділігімен саласының жетістіктері де артып отырғаны да аян. Бұл туралы Шымкентке арнайы келген корпарация төрағасының орынбасары орынбасары Айдын Досқараев баспасөз брифингісінде мәлімдеді.

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ басқарма мүшесі Айдын Досқараевтыңқатысуымен өткен жиында жылдық жұмыс қорытындыланды. Сондай-ақ 2023 жылға арналған қаржыландыру жоспарлары талқыланды.

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ кәсіпкерлерге бірнеше бағытта қаржылық қолдау көрсетіп отыр. Биыл Шымкентте ауыл шаруашылығын дамытуға 12 миллиард теңге бөлінген. Оның 10 миллиард теңгесі игерілген. Қалғаны жоспар бойынша жыл соңына дейін игеріледі.

Айтып өткен жөн, қазір аталмыш корпорацияауылшаруашылығын қолдаудың негізгі бағыттарын қолға алып отыр. Лизингтік компанияларды қаржыландыруда көш бастап тұр. Шаруашылықты несиелеу, инвестиция тарту бағытындағы жұмыстары да жүйелі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button