Жаңалықтар

ТҮЛЕКТЕРДІҢ БАНКЕТІ МЕН КОРТЕЖІНЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

Мегаполистегі  мектеп түлектерінің банкеті мен кортежіне қатаң тиым салынады. Салтанатты шараны  мектеп ғимаратынан тыс жерде тойлауға тыйым салынады. Бұл үшін ата-аналарға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Осылай деген қаланың бас ұстазы Жанат Тәжиева алдағы уақытта рейдттік топ құрылып, барлық аумақта қатаң тексеріс жүргізілетін айтты. Тіпті қаладан шығып жатқан әр көлік бақылауда болады.

Биыл түлектердің бітіру кеші тек мектепте өтеді. Яғни, тойхана мен қала сыртында атап өтуге қатаң тыйым салынады. Ал ескертуді елемегендерге 3-7 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған, яғни, ата-аналар шамамен 10 мың мен 25 мың теңге аралығында айыппұл арқалауы мүмкін. Бұл туралы Шымкенттің бас ұстазы Жанат Тәжиева мәлімдеді. Айтуынша, бұл күндері қала әкімдігі мен полиция департаменті өкілдерінен құралған топ қалада рейд жүргізеді. Әрі барлық бейнебақылау камералары жіті назарда болады. Бұл шектеу көптеген келіңсіз жағдайдың алдын алады

2023 жылдың жаз айында балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында аз қамтылған отбасының балаларына қала сыртындағы жазғы сайықтыру лагерлеріне тегін жолдама беріледі. Қазіргі таңда мектептерде ата-аналарға түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылы Шымкентте 154 270 оқушының жазғы демалысын тиімді өткізу шаралары жоспарланған. Бұл қаладағы мектеп оқушыларының 64,8 пайызын қамтуда.

Айта  кетейік,  биыл енгізілген өзгерістерге сай соңғы оқу күні 25 мамыр емес, 31 мамыр болып бекітілді. Ал 1 маусым күні бітіруші түлектер балалар күнімен қатар  соңғы  қоңырауды атап өтеді. Атаулы  датаға орай мектептер өз деңгейінде  іс-шаралар  ұйымдастырады.  Бірақ  тек  білім ордасында ғана. Ал түлектерге  салтанатты   аттестат тапсыру   барлық   мектептерде 20-22 маусым аралығында өтеді деп жоспарланып отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button