БастыЖаңалықтар

“Алтын Орда” базары директорының орынбасары ұсталды: Полиция қару мен ұнтақ зат анықтаған

Алматы облысы Қарасай ауданының полиция қызметкерлері Алматы – Бішкек тас жолында BMW көлігін тоқтатты, – деп хабарлайды degeneken.kz тілшісі.
“Тінту кезінде жолаушы көлігінен ерекше иісі бар ақ ұнтақ тәрізді зат табылды, ал басқа жолаушыдан МК-471С травматикалық тапанша анықталды”, – деп хабарлады полицейлер.
Сот-химиялық сараптама жасалады, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Фактілер Қылмыстық кодекстің 287-бабының 3-бөлігі (“Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз алу, беру, сату, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру”) және 296-бабының 4-бөлігі (“Есірткі, психотроптық заттарды, осылардың баламаларын аса ірі мөлшерде өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау”) бойынша тіркелді.
Бұған дейін БАҚ-та BMW көлігінде ұсталғандардың арасында “Алтын Орда”базары директорының орынбасары бар екені туралы ақпарат тарады. Базардың баспасөз қызметі ұсталғандардың қару алып жүруге барлық рұқсат қағазы бар екенін хабарлады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button