БастыЖаңалықтар

Екібастұзда 20 көпқабатты үй жылу жүйесіне қосылмаған

Екібастұздықтарға жылу берілгеніне бір ай болды. Ал 20 көпқабатты үйде жылу әлі толық берілмеген, деп хабарлайды degeneken.kz.

“Хабар 24” арнасының хабарлауынша, бұған жылу беру-бермеу емес, үйлердің жылу маусымына техникалық тұрғыдан дайын болмай шығуы себеп болып отыр.

Осыдан 4 жыл бұрын Борангүл Мұфтахова жаңа пәтерге көшкеніне қуанған. Бірақ алғашқы қыста-ақ көп балалы отбасы солтүстіктің қысының бар “қызығын” көріп үлгерген. Жаңа тұрғын үй аязға шыдас бермеді, отбасы жылытқыштың арқасында ілдалдалап қысты өткерген.

“1 қазанда жылу берді, бірақ бізде әлі жылу жоқ. Суық үйде, бір бөлмелі пәтерде отырамыз. Үй ылғал. Үйде кішкентай бала бар. Жылытқыштарды қосып отырмыз. Залда екі жылытқыш тұр”, – деді Екібастұз қаласының тұрғыны Борангүл Мұфтахова

Басқа жаңалықтар

Back to top button