БастыЖаңалықтар
Тоқаевтың қатысуымен үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды – мәтіндік трансляция

2024 жылғы 7 ақпанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Үкіметінің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды degeneken.kz.
Ақорданың хабарлауынша, бұл шарада еліміздің 2023 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары шығарылып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалады.
Қазақстан үкіметі 2024 жылдың 5 ақпанында отставкаға кетті. Премьер-министрдің міндетін уақытша Роман Скляр атқарды.
Ақпанның 6-сы күні Ерлан Қошанов «Аманат» партиясы атынан Қасым-Жомарт Тоқаевқа Олжас Бектеновтің кандидатурасын ҚР Премьер-министрі лауазымына ұсынуды ұсынды. Кейін Елбасы Олжас Бектеновтың қатысуымен өткен ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында ол еліміздің Премьер-Министрі лауазымына бекітілді. Бұдан кейін мемлекет басшысы тиісті жарлыққа қол қойды.