БастыЖаңалықтар
Экоакция: Ордабасылық жастар Арыс өзенінің бойын қоқыстан тазартты
Бүгін аудан жастары «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілікке шығып, Арыс өзенінің бойында тазалық жұмыстарын жүргізді.
Аудандық ішкі саясат бөліміне қарасты «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен өткізілген шараға орталық қызметкерлері, белсенді жастар мен салалық бөлімдердің жас мамандарынан жалпы 50 адам қатысты. Шара аясында өзен бойындағы қоқыстар тазаланып, ағаштар әктелді.
Сенбілік барысында аудан жастары ордабасылықтарды Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған акцияны барынша қолдауға және сенбіліктерде белсенділік танытуға шақырды.