Комплаенс қызмет жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуда

Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бастамасымен Антикор еріктілермен комплаенс-офицерлер тәжірибе алмасты.
Шара барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою жөніндегі жұмыстың ішкі процестері, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, мүдделер қақтығысын анықтау, ұйым қызметінің жемқорлыққа қарсы стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз ету бойынша түсіндірмелер берді.
Ұйымдастырушылар квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтерінің нақты мақсаттары мен міндеттері, функциялары мен өкілеттіктерін жіті түсіндіріп, квазимемлекеттік сектор ұйымдарында комплаенс қызметті енгізудің негіздерін баяндады.
Комплаенс-офицерлер жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды практикалық негізде спикерлік жасау арқылы жүргізіп көрді.
Айта кетейік, Түркістан облысы бойынша квазимемлекеттік сектор ұйымдары, коммуналдық мемлекеттік мекемелері мен жеке компанияларда 417 комплаенс-офицерлер қызмет атқаруда.