БастыЖаңалықтар

Кентауда жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға арналған форум өтті

Кентау қаласында балалардың құқықтарын қорғау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу аса жауапты әрі күрделі міндет» тақырыбында ата-аналар форумы өтті.

Шараға Кентау қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері, қала әкімдігінің, білім бөлімінің өкілдері, ата-аналар мен ұстаздар қатысты.

Форумда ата-аналарға бейнеролик көрсету арқылы 25 мамыр-соңғы қоңырау іс-шарасын өткізудің алгоритмі түсіндірілді. Сонымен қатар кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және жазғы демалыс кезіндегі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Жиын соңында форумға қатысушылар пікірлерін ортаға салып, туындаған сұрақтарына жауап алды. Сондай-ақ тиісті сала мамандары өзара бірлесіп, ата-аналармен тығыз іс-қимыл жасағанда ғана кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың жолын кесуге және алдын алуға бағытталған тиімді шаралардың берер мүмкіндік көп екендігі аталып өтті.

Сондай-ақ полицейлер 18 жасқа толмағандарға алкогольдік ішімдіктер мен темекі сатудың алдын алуға баса назар аударылып жатқанын айтты. Соңғы уақытта бұл тауарларды сату жағдайлары жиілеп кетті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button