БастыЖаңалықтар
Сыртқы істер министрінің орынбасары тағайындалды

Әлібек Қуантыров Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, – деп хабарлайды degeneken.kz.
“Мемлекет басшысының өкімімен Әлібек Сакенұлы Қуантыров Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды”, – делінген хабарламада.
Сондай-ақ, мемлекет басшысының өкімі бойынша Назира Нұрбаева сыртқы істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды.