БастыЖаңалықтар

Түркістан облысында мопед жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін сақтауына бақылау күшейтілді

Мопедтер ірі қалалардағы жол қауіпсіздігіне айтарлықтай әсер ете бастады. Шағын көліктерді дамыту қосымша қозғалыс мүмкіндіктерін ұсынады, бірақ олардың көптеген иелері ережелерді сақтамайды, соңы апаттарға әкеледі.

Мәселен ағымдағы жылы өңірде мопедтердің қатысуымен 11 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Сондықтан полиция қызметкерлері осы көлік құралдары жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін сақтауын бақылауды күшейтті.

Нәтижесінде жыл басынан бері мопед жүргізушілеріне қатысты 325 әкімшілік хаттама толтырылды. Оның ішінде 16 жасқа толмаған кәмелетке толмағандардың ата-аналарына 12 хаттама түзілген.

Өз кезегінде полиция мопед иелері мен облыс тұрғындарына жолдағы әрбір қадамды аңдап басуға, жауапкершілікке шақырады.

Алкоголь – адамның денсаулығына зиян келтіретін ең кең таралған зиянды заттардың бірі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сәйкес, жыл сайын әлемде шамамен 3 миллион адам алкогольді асыра пайдалану салдарынан көз жұмады. Оның ішінде 1/3 бөлігі жол-көлік апаттарына байланысты.

Қазақстанда да алкогольдің әсерінен жол-көлік оқиғаларының саны өсіп келеді. Полиция мәліметтеріне сүйенсек, 2023 жылы ел бойынша алкогольдік ішімдіктер ішіп, көлік жүргізген 14 мыңнан астам жүргізуші ұсталған. Мас күйінде жасалған жол апаттары көбінесе ауыр зардаптарға әкеліп, кінәсіз адамдардың өмірін алып кетеді.

Алкоголь адамның реакциясын әлсіретіп, шешім қабылдау қабілетін төмендетеді. Бұл мас күйінде көлік жүргізу кезінде аса қауіпті. Алкогольдік ішімдік ішкен жүргізушілер көлік апатына түсу мүмкіндігін бірнеше есеге арттырады.

Сондықтан, көлік жүргізер алдында ешқашан алкогольдік ішімдік ішпеу керек. Жүргізуші тек өзінің ғана емес, сонымен қатар жолаушылар мен жолдағы басқа адамдардың да өмірін қорғауы қажет. Есіңізде болсын, жол ережесін бұзу – өз өміріңізге ғана емес, өзге адамдардың да өміріне қауіп төндіреді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button