БастыЖаңалықтар
Әлеуметтік сала қызметкерлері АЭС маңыздылығын талқылады
Бүгін Глубокое аудандық партия штабының төрағасы Алтай Қалигожин Глубокое кентінің тұрғындарымен және мәдениет үйіндегі әлеуметтік сала өкілдерімен кездесу өткізді.
Жиын барысында атом электр станциясының құрылысы мен 6 қазанда өтетін жалпыұлттық референдумның маңыздылығы талқыланды. Кездесуде жобаның негізгі аспектілері түсіндіріліп, әрбір азаматтың Қазақстанның болашағына әсер ететін шешім қабылдауға қатысуының маңыздылығы атап өтілді.
«АЭС салу, елді сенімді және экологиялық таза энергиямен қамтамасыз етіп қана қоймай, Қазақстанның одан әрі экономикалық өсуі мен халықаралық ұстанымдарын нығайту үшін септігін тигізеді»,-деді Алтай Қалигожин.
Кездесуге қатысушылар спикерге сұрақтарын қойып, өз пікірлерімен бөлісті.