Учаскелік полиция қарқынды жұмыс жасауда
Қазығұрт ауданы аумағында 16 қыркүйек пен 1 қараша күндері аралығында «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Аталған іс-шараның басты мақсаты – ұсақ бұзақылықтан бастап, ауыр қылмыстарға дейінгі барлық құқық бұзушылықтарға қатысты алдын алу шараларын жандандыру, анықталған жағдайда қатаң шара қабылдау.
Бұл іс-шараның аясында экстремизм мен терроризм фактілері көріністеріне жол бермеу, сондай-ақ азаматтармен тығыз сенімгерлік қатынастар орнату көзделуде.
Қазығұрттық тәртіп сақшылары бұл бағыттағы шаралардың тек іс-шара кезінде емес, тұрақты түрде жүргізілетінін жеткізді. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері алкогольдің адам ағзасына зияны және алкогольдік масаң күйде құқық бұзушылықтардың қандай болуы мүмкін екендігі туралы ақпарат берді.