Жаңалықтар
Жүк көліктеріне арналған металл конструкторлар шығаратын зауыт ашылмақ
Түркістандағы «Turan» арнайы экономикалық аймағында жаңа зауыттың іргетасы қалануда. Өндіріс орындарын ашу, жұмыс орындарын көбейту – Түркістан қаласының негізгі бағыттарының бірі. Шаһарда осы салаға назар аударылып, тиісті жұмыс жүруде. Инвесторлармен келіссөздер жүргізіліп, маңызды келісімдер жасалып жатыр. Жаңадан салынып жатқан зауыт та қасиетті қаланың әлеуетін көтеруге серпін береді деген ойдамыз.
«PSI Machinery» компаниясының директоры Павел Беклемишевтің айтуынша бұл зауытта тау-кен ісіне және құрылыстың өзге де салаларына бағыталған ауыр құрылғылар, жүк көліктері мен техникаларға арналған шыдамды тіркемелер, бөлшектер, металл конструкторлары шығарылады. Жобаның құны – 8,33 миллиард теңге. Жер аумағы – 20 гектар, 200 адам жұмыспен қамтылады. 2025 жылы ашылатын зауыттың жылдық қуаттылығы – 965 тонна.
Айта кетейік, PSI – бұл PSI Engineering, PSI Energy & Control және Қарасай машина өндіру зауыты (QMOZ) кіретін жалпы танылған компаниялар тобы. 2002 жылы құрылған. Топ инженерлік жобалау мен материалдық-техникалық жабдықтаудан бастап, өнеркәсіптік объектілерді салуға және пайдалануға беруге, сондай-ақ тау-кен өнеркәсібін, энергетиканы, металдар мен мұнай мен газды қоса алғанда, нарықтың негізгі секторлары үшін металл конструкциялары мен модульдік қосалқы станцияларды дайындауға дейінгі кешенді қызметтерді ұсынады.
Бүгінгі таңда PSI Group компаниясында 2000-нан астам адам жұмыс істейді. Серіктестері: «KAZ Minerals» ЖШС, «Теңізшевройл» ЖШС, «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б. В.», «Karabatan Utility Solutions» ЖШС, «KATKO» БК ЖШС, «Қазхром» ТҰК» АҚ және өзгелер.
Еске сала кетсек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастмасымен Түркістанда бауырлас елдер арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайту үшін TURAN арнайы эконмикалық аймағы құрылған еді. Бұл алаң бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 қазандағы №693 қаулысының негізінде «TURKISTAN» Арнайы экономикалық аймағы құрылды. “TURAN” арнайы экономикалық аймағының ауданы 39,87,39 гектарды құрайды.
Оның ішінде:
– 861,7 гектар тарихи орталық
– 1578,6 гектар әкімшілік-іскерлік орталығы
– 365 гектар өнеркәсіптік аймақ
– 35 гектар “Brownfield” өнеркәсіптік аймағы»
– 967 гектар әуежай
– 180 гектар «Greenfield» индустриялық аймағындағы жобалар
«TURAN» арнайы экономикалық аймағының құрылу мақсаты:
1. Түркістан қаласын жедел дамыту;
2. Түркістан қаласының туристтік әлеуетін арттыру және Түркі әлемінің рухани астанасы ретінде одан әрі қалыптасуы және туристтердің қажеттіліктерін қамтамасыз етуге және қанағаттандыруға қабілетті тиімділігі жоғары, бәсекеге қабілетті туристтік инфрақұрылымды дамыту;
3. Туристтерге қызмет көрсетуге арналған бірыңғай ақпараттық база құру.
АЭА аумағы Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады және 1938,0 гектарды құрайды. АЭА аумағының құрамына 4 қосалқы аймақ кіреді: ауданы – 188,0 гектар тарихи орталық, ауданы – 1350,0 гектар әкімшілік-іскерлік орталық, ауданы 365 гектар және 35 гектар өндіріс аймақтары.
Арнайы экономикалық аймақ аумағындағы қызметтің басым түрлері:
1. Туристтерді орналастыру орындарын, санаториялық және сауықтыру нысандарын салу және пайдалануға беру;
2. Инфрақұрылым нысандарын, әкімшілік және тұрғын үй кешендерін салу және пайдалануға беру;
3. Ауруханаларды, емханаларды, мектептерді, балабақшаларды, мұражайларды, театрларды, жоғары және орта оқу орындарын, кітапханаларды, оқушылар сарайларын, спорт кешендерін салу және пайдалануға беру;
4. Өндіріс және қайта өңдеу нысандарын салу және пайдалануға беру;
5. Құрылыс материалдарының өндірісі;
6. Өзге де металл емес минералдық өнімдер өндірісі;
7. Дайын металл бұйымдарының өндірісі.
«TURAN» арнайы экономикалыө аймағының өндірістік қосалқы аймағын дамыту мақсатында ауданы 365 гектар болатын аумаққа инфрақұрылым салу, жергілікті және республикалық бюджет қаражаты есебінен жоспарлануда.
Бүгінгі таңда «TURAN» арнайы экономикалық аймағында жалпы сомасы 182 млрд.теңгеге 27 жобаның құрылысы жүргізілуде.
Арнайы жкономикалық аймақ қатысушыларына ұсынылатын жеңілдіктер:
«TURAN» арнайы экономикалық аймақ Басқарушы компаниясы қатысушыларға «бір терезе» қағидаты бойынша өтінім беруден бастап, пайдалануға берілгенге дейін барлық мәселелер бойынша көмек көрсетеді.
• «TURAN» арнайы экономикалық аймақ аумағындағы салықтық жеңілдіктер;
• корпоративтік табыс салығы (КТС);
• жер салығы;
• мүлік салығы;
• қосылған құн салығы (ҚҚС)
«TURAN» арнайы экономикалық аймақ аумағындағы қатысушыларға ұсынылатын кедендік жеңілдіктер:
• Арнайы экономикалық аймақ аумағына тауарларды әкелу кезінде кедендік баждардан босату; «TURAN» арнайы экономикалық аймақ аумағындағы басқа да жеңілдіктер:
• 25 жылға дейінгі мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) жер учаскелерін беру.