Жаңалықтар
Өзбек ағайындармен байланыстамыз!
Күллі түркі халқы тәу етіп келетін Түркістан қаласы бүгінде туризм саласымен қатар экономикалық тұрғыдан да дамыған шаһарға айналып келеді. Әсіресе қаланың сыртқы елдермен кәсіпкерлік байланысы нығайып келеді. Айталық шаһарда көршіміз Өзбекстан елімен бірлесе ашылған кәсіпорындар, зауыт-фабрикалардың қатары артуда. Айталық қаладағы «Тұран Мебель» жиһаз зауыты екі елдің бірлескен кәсіпорны саналады. Яғни көршілес елден облыс орталығына түрлі бағытта инвестиция құюға құштар инвесторлардың көбейіп отырғандығы қуантады. Алдағы уақытта Өзбекстан елімен қаланың іскерлік байланысы одан әрі күшейі түспек.
Самарқанд қаласында өтіп жатқан «Өзбекстан – Қазақстан» IV өңіраралық форумына Түркістан облысының делегациясы да қатысып, маңызды келіссөздер жүргізді. Іскерлік форум шеңберінде құны 352 миллион АҚШ долларынан асатын 76 құжатқа қол қойылса, соның 68,2 миллион АҚШ доллары көлеміндегі келісімдер Түркістан өңіріне тиесілі.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды экономикалық және бауырластық байланыстардың маңызына тоқталып, бұл бағыттағы жұмыстар қарқынды жалғасатынын жеткізді.
– Өзбекстан біз үшін бауырлас мемлекет. Бізді ортақ тарихымыз, тілдеріміз бен мәдениетіміз байланыстырады. Түркістан облысының Өзбекстан Республикасымен тауар айналымы 2023 жылы 421,9 миллион АҚШ долларын құрады. Оның ішінде экспорт 253,2 миллион АҚШ доллары болса, импорт 168,7 миллион АҚШ долларына жеткен. Екі мемлекеттің басшыларының кездесуіндегі келісімге сәйкес, Түркістан өңірінде тоқыма кластерін құру, ірі қара малдың етін өңдеу, жібек кластерін құру бағытында жұмыс жүруде. Өңірде «Қазақстан-Өзбекстан» жібек кластерін құруды ұсынамыз. «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығын іске асыру бағытында біздің тарапымыздан инвестор анықталып, құрылыс-монтаж жұмыстары басталды. Сіздерді облысымыздың инвестициялық алаңдарында бірлескен жобаларды іске асыруға шақырамыз. Ауыл шаруашылығында теріні, көкөністерді, жемістер мен сүт өнімдерін өңдеу, мақта кластерін дамытуғ туризм саласында әріптестікті нығайтуды ұсынамыз. Бауырлас аймақтар арасында мәдени іс-шаралар өткізу де маңызды. Бұл шаралар екі елдің рухани-мәдени байланыстарын нығайтып, тәжірибе алмасуға оң әсер ететініне сенімдімін, – деді Дархан Сатыбалды.
Форумда Дархан Сатыбалды Ташкент және Самарқанд облыстарының басшыларымен түрлі салалар бойынша әріптестік орнату жөніндегі келісімге қол қойды. Енді сауда-экономикалық, мәдени-ғылыми, гуманитарлық байланыстар бұдан сайын нығая түспек.
Сонымен бірге форум аясында екі мемлекеттің кәсіпкерлері мен осы салаға жауапты мекеме басшыларының кездесулері өтті. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров Сырдария, Бұхара, Наманган облыстары әкімдерінің орынбасарларымен әріптестік жөніндегі келісімдерге қол қойды.
Өзбекстан мен Қазақстан кәсіпкерлері түрлі форматта кездесулер өткізіп, келіссөздер жүргізді. Түркістан облысының кәсіпкерлері балық шаруашылығы, ауыл шаруашылығы, мақта шаруашылығы, туризм, таамышатып суару, білім салалары бойынша жалпы 68,2 миллион АҚШ доллары көлеміндегі келісімдерге қол жеткізді.
Айта кетейік, Қазақстанның Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Өзбекстанның Премьер-министрі Абдулла Арипов Самарқанд қаласында өтіп жатқан «Өзбекстан – Қазақстан» IV өңіраралық форумына қатысқан болатын. Екі ел президенттері қол жеткізген екіжақты тауар айналымын арттыру бойынша уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысы қаралды. Өнеркәсіптік кооперация, су, энергетика, транзит және көлік, газ салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.
Өзбекстан Қазақстанның Орталық Азия аймағындағы негізгі сауда серіктесі саналады. Биылғы сегіз айдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы өзара сауда көлемі $2,5 миллиард құрады. Олжас Бектенов сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға және өзара инвестиция үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған шараларды кеңейту қажеттігін атап өтті.
«Қазақстан мен Өзбекстанның барлық бағытта бірлескен жұмысының келешегі зор. Бұған, ең алдымен, мемлекеттер басшылары Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев пен Шавкат Миромонович Мирзиёев арасындағы сенімді саяси диалог ықпал етіп отыр. Астанада өткен бизнес-форум аясында қол қойылған $7 миллиард көлеміндегі инвестициялық келісімдер мен коммерциялық келісімшарттар айтарлықтай үлес қосады. Бүгінгі кездесу жаңа ірі жобаларды жүзеге асырудың бастауы болып, бүкіл Орталық Азия аймағының тұрақты экономикалық дамуына зор үлес қосатытына сенімдімін», — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Мұнай-химия, металлургия, автомобиль, индустриалдық, азық-түлік, химия және фармацевтика салаларында үлкен экспорттық әлеует бар. Қазақстан Өзбекстанға жалпы қосылған құны жоғары қазақстандық тауарлардың 40 түрі бойынша құны $550 миллионнан асатын экспорттық жеткізілімдер көлемін арттыруға дайын.Өзбекстан Премьер-министрі Абдулла Арипов бүгінде екі ел арасындағы қарым-қатынастың басым бағыты өңіраралық ынтымақтастықты дамыту болып отырғанын атап өтті.
«Соңғы 7 жылда Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы өзара тауар айналымы 2,5 есеге жуық өсіп, өткен жылы $4,4 миллиардқа жетті. Бүгінде Өзбекстанда қазақстандық капиталдың қатысуымен 1 мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді. Шекаралас өңірлер бір-бірімен – Қарақалпақстан Республикасы Маңғыстау облысымен, Ташкент Түркістан облысымен, Науаи Қызылорда облысымен тікелей әрі тығыз байланыс орнатқан. Біздің басқа аймақтарымыз да байланыстарды дәйекті түрде нығайтып, сауда-саттық және өнеркәсіптік кооперацияны дамытып келеді. Бұл ретте әлі іске асырылмаған үлкен әлеует бар», — деп атап өтті Абдулла Арипов.
Форум барысында инвестиция көлемі $3,4 миллиардты құрайтын 74 бірлескен жобаны іске асыруды және 14,6 мың жұмыс орнын құруды көздейтін өнеркәсіптік кооперацияны дамытуға ерекше назар аударылды. Оның ішінде Қазақстан аумағында 65 кәсіпорын ашу жоспарлануда, бұл елімізде 13,6 мың жаңа жұмыс орнын құруды қамтамасыз етеді. Бүгінде елімізде 9, Өзбекстанда тағы 3 бірлескен жоба жүзеге асырылды. Бұл жалпы 4,8 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді. Қазақ-өзбек өнеркәсіптік кооперациясы ынтымақтастығына мысал ретінде Қостанайдағы Chevrolet Onix автомобильдерінің шағын тораптық өндірісін, Сарандағы тұрмыстық техника шығаратын зауытты, Шымкент қаласындағы және Түркістан облысындағы тігін және жіп иіру-тоқу фабрикалары, Ангрендегі автоклавты газ-бетон өндірісі және басқа да өндіріс орындары жатады. «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығын құру екі ел үкіметтерінің бірлескен жұмысына жаңа серпін бермек. Мұнда «бір терезе» қағидаты бойынша қызметтер енгізіліп, кәсіпкерлер үшін салықтық, кедендік жеңілдіктер мен басқа да артықшылықтар қарастырылған.
Сонымен қатар көлік-логистикалық әлеуетті дамыту мәселелері талқыланды. Өзбекстан тауар айналымының 50 пайыздан астамы Қазақстан аумағы арқылы транзитпен өтеді. Әртүрлі көлік түрімен 18 бағыт бойынша жолаушылар тасымалы реттелген. Бұл байланыстарды одан әрі тереңдету үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.«Өзбекстан – Қазақстан» IV өңіраралық ынтымақтастық форумы, іскерлік форум шеңберінде құны $352 миллионнан асатын 76 құжатқа қол қойылды. Оның ішінде жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асырылуын жеделдету жөніндегі Тәжірибелік іс-шаралар жоспары бар. Құжат энергетика, тау-кен өнеркәсібі және геология салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруды көздейді. Сондай-ақ Қазақстан мен Өзбекстан аймақтары арасында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды.
Айта кету керек, форум қазіргі сын-қатерлер мен ынтымақтастық келешегін белсенді талқылауға арналған алаңға айналды. Оның аясында министрліктердің, шекара маңындағы өңірлер әкімдіктерінің басшылары және екі елдің бизнес-топтарының 200-ге жуық өкілі өңіраралық ынтымақтастық, өзара сауда-саттықты дамыту және бірлескен кәсіпорындар құру мәселелерін талқылады. «B2B» форматында металлургия, құрылыс индустриясы, машина жасау, химия өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, IT және туризм сияқты экономиканың келешегі бар бағыттарындағы өзара іс-қимылды тереңдету тетіктері қаралды.