Жаңалықтар

Түркістан қаласында Қазақстан бойынша көшпелі семинар кеңес өтті

Түркістан қаласында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің қолдауымен «Табысты Бухгалтерлер клубы» ұйымдастырған жалпыға бірдей декларациялау, салықтық тексерулер, камералдық бақылау, жаңа салық кодексін талқылау тақырыбында Қазақстан бойынша көшпелі семинар кеңес өтті.
Семинар кеңесте, Түркістан облысы бойынша МКД Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы – Сауле Шырынбекова тиімді диалог құруға арналған тақырыптар төңірегіндегі семинар кеңестің маңыздылығын айтып, төрағалық етті. Көшпелі семинарға Астанадан арнайы келген спикерлері ретінде қатысқан ҚР салық сарапшылары: Табысты бухгалтерлер клубының негізін қалаушы – Сандуғаш Төлегенова, ҚР салық аудиторы, салық сарапшысы – Думан Шолатаев, салық кеңесшісі – Екатерина Камалетдинова, бухгалтерлер мектебінің негізін қалаушы – Балжан Жанғасинова, салық сарапшысы – Светлана Сиротина қатысып, баяндама жасады.
Ал, кірістер органдарынан Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментінің өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы – Көкенов Мейрамбек Байқадамұлы, тауарлар шығарылғаннан кейінгі кедендік бақылау басқармасының басшысы – Ержан Шынәділ, аудит басқармасының бөлім басшысы – Алпысов Қанат Серикбайұлы, камералдық мониторинг басқармасының бөлім басшысы – Байдолла Азамат, кедендік әкімшілендіру басқармасының бөлім басшысы – Жарылкасынов Абзал Абылқасымұлы қатысты.
Соңында, тыңдаушылар тарапынан ұсыныстар айтылып, бизнес өкілдері мен салық төлеушілердің сұрағына жауап берді.

Түркістан облысы бойынша МКД Баспасөз қызметі

Басқа жаңалықтар

Back to top button