Жаңалықтар

Шығыс Қазақстанда өзен кемелерінің қатынауы дамытылады

 

Бұл мәселе бүгін облыстық әкімдікте өткен жиында талқыланды. Өңір басшысы Нұрымбет Сақтағановтың айтуынша, Мемлекет басшысы төртінші ұлттық құрылтайдағы баяндамасында өңірлерге бірқатар міндеттер жүктеген. Солардың бірі – көлік-логистика саласын дамыту. Президенттің тапсырмасы бойынша Шығыс Қазақстанда Зайсан мен Катонқарағайда екі әуежайдың құрылысы басталды. Облыс әкімі Ертіс өзенінде кеме қатынасын дамыту перспективалы бағыттардың бірі екенін атап өтті, тіпті бұл саланы қолға алуға дайын компаниялар да бар.
Мұндай жобалар бірнеше ауданның тығырықтан шығып, жүк және жолаушы тасымалының транзиттік желісіне қосылуына мүмкіндік береді. Өзен кемелерінің қатынауы шағын және орта бизнестің, туризмнің және экономиканың басқа да салаларының дамуына серпін береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button