Жаңалықтар

ҚАСЫМ ҚАЙСЕНОВ КЕНТІНДЕ ЖАҢА МЕКТЕП ПЕН БАЛАБАҚША ЖӘНЕ ЕМХАНА САЛЫНАДЫ

 

Ұлан ауданында жақын уақытта бірден үш маңызды әлеуметтік нысан пайда болады.

Қасым Қайсенов ауылындағы екі қабатты типтік ғимаратта орналасқан, сапалы білім берудің заманауи талаптарына сай келетін орта мектеп 320 балаға арналған. Алайда оқушылар саны артып, оқу кабинеттеріне сыймай жатыр. Мектепте оқу кабинеттері мен спорт залы жетпейтіні байқалуда, бұл оқу үдерісін ұйымдастыруға кедергі келтіреді әрі мемлекеттік білім беру стандарттарына сай емес.
Жыл сайын оқу жылының басына қарай ауылдағы оқушылар саны 200 адамға артып, жұмыс істеп тұрған оқу орындарына қосымша салмақ түсіреді.
– Халық пен оқушылардың саны артқанын ескере отырып әрі мемлекеттік білім беру стандарттарын сақтау үшін 600 орындық жаңа мектеп салу қажеттілігі туындайды. Жаңа мектеп салынса, оқу орнының тапшылығы мәселесі шешіліп, кентте мемлекеттік және орыс тілдерінде сапалы білім беруді қамтамасыз етеді. Салалық сараптамалық-сметалық комиссияның қорытындысына сәйкес, Қасым Қайсенов ауылында халық санының көбеюіне және аумағының кеңеюіне байланысты мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігін пайдалана отырып, 280 орындық балабақша салу мүмкіндігі қарастырылуда, – деп мәлімдеді Нұрымбет Сақтағанов.
Аудан орталығында тағы бір маңызды нысан пайда болады.
Бүгінде Қасым Қайсенов ауылының дәрігерлік амбулаториясы тұрғын үйдің екінші қабатында орналасқандықтан қызметкерлерге де, емделушілерге де қолайсыздықтар туғызуда. Медициналық көмек көрсету жағдайын жақсарту және тұрғындардың сұранысын қанағаттандыру мақсатында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында ауысымына 150 адамды қабылдайтын жаңа емхана салынып жатыр.
– Емхананың жаңа, заманауи ғимараты қазіргі медициналық стандарттар мен инновациялық технологияларды ескере отырып жобаланған. Ол пациенттерге жайлы жағдай жасауға, өмір сүру сапасын жақсартуға және медицина қызметкерлерінің тиімді жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған. Емханада жалпы тәжірибелік дәрігерлер мен бейінді мамандар қабылдайтын болады, бұл диагностикалау мен науқастарды емдеуге кешенді түрде қарауға мүмкіндік береді, – деп атап өтті ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

Басқа жаңалықтар

Back to top button