Жаңалықтар
ҰЛАН АУДАНЫНДА ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ЖАҢА МҰРАЖАЙ МЕН ҚАСЫМ ҚАЙСЕНОВКЕ АРНАЛҒАН МУРАЛ ПАЙДА БОЛАДЫ

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Ұлан ауданының орталығында №9 үйдің қасбетінде Халық қаһарманы Қасым Қайсеновке арналған мурал – арт-нысан (қабырғаға салынған батырдың суреті) орналастырылады. Бұл мурал ауылдың мәдени жаңғыруының символына айналады.
Мерейтой қарсаңында Батырлар аллеясы мен ескерткіш стелланы қайта жөндеу, тас төсеніштерді ауыстыру, гүлзарлар мен қоршаулар орнату жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, Украинка ауылында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай жаңа мұражай ашу көзделуде.
ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов атап өткендей, бұл мұражай мәдени мұрамызды толықтыратын маңызды нысан болып, өткеннің ерлікке толы оқиғаларын есте сақтауға ықпал етеді.