Жаңалықтар

Азия мен Океания чемпионы: Ержан Қайыржанұлы самбодан алтын жеңіп алды

Ташкентте өтіп жатқан Азия мен Океанияның Самбо чемпионатында Жезқазған қаласының тұрғыны, Жаңа-арқа ауданынан шыққан Ержан Қайыржанұлы Конуров өз салмағында алтын медаль жеңіп алды! 🎉

Ержан Қайыржанұлы 9 жастан бері күреске бауыр басқан, самбо, қазақша күрес, дзюдо сияқты спорт түрлерінде өз шеберлігін көрсетіп жүрген спортшы. Ол 2024 жылы самбо бойынша әлем чемпионатының финалисті болып, жоғары деңгейдегі шеберлігін дәлелдеді. 🥋

Қазіргі таңда 6505 әскери бөлімде қызмет етіп жүр, отбасылы, үш баланың әкесі. Бұл үлкен жеңіс оның еңбекқорлығының, табандылығының және жанқиярлық еңбегінің нәтижесі. 👏

Ержанға спортта жаңа жеңістер мен жетістіктер тілейміз! 💪🌟 Еліміздің намысын әлемдік аренада қорғағаны үшін мақтанамыз!

Басқа жаңалықтар

Back to top button