Жаңалықтар

Астаналық Достық үйінде Аналар күні аталып өтті: жылу, шығармашылық және алғыс

Халықаралық отбасы күні қарсаңында Астанадағы Достық үйінде «Ана – гүл, ана – өмір шырағы» атты Аналар күніне арналған мерекелік шара өтті. Жылылық пен қамқорлыққа, шынайы сезімдерге толы бұл шара арт-терапия форматында ұйымдастырылды — бұл өте символдық әрі әсерлі, себебі шығармашылықтың шегі жоқ.

Мерекелік шара қоғамдағы рөлін ештеңемен салыстыруға болмайтын аналарды біріктірді. Қонақтардың қатарында Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесінің мүшелері, Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қолданбалы өнер шеберлері, сондай-ақ «Бақытты шаңырақ» қоғамдық қорының, «Ерекше мерекелер» жобасының және «Ерекше балалардың ата-аналары одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің аналары мен балалары болды.

Іс-шараның басты мақсаты — отбасылық құндылықтарды насихаттау, ана рөлін қоғамда нығайту және күн сайын махаббат пен төзімділікпен өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеп отырған әйелдердің еңбегіне құрметпен қарауды қалыптастыру.

Шара барысында Астана қаласы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Ляззат Сейітқазықызы қатысушыларға құттықтау сөз арнап, аналарды мерекемен құттықтады. Ол Аналар күні — жай күн емес, бұл өмір сыйлайтын, қамқорлық танытып, шабыттандыратын аналарға шынайы алғыс пен ризашылық білдіретін ерекше күн екенін атап өтті.

Шара барысында Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесінің мүшесі Айшат Вагапова да сөз сөйледі:

«Біздің балалар мен аналарымызға осындай жарқын іс-шара ұйымдастырғаны үшін Достық үйіне алғысымды білдіремін. Ана әрқашан қоғамда ерекше рөлге ие. Бақытты ана — бақытты бала. Қазіргі заманда біздің аналар жұмыс істеуге де, әлеуметтік жобаларға қатысуға да үлгеріп жүр. Сонымен қатар, олар үй шаруасына және бала тәрбиесіне де үлкен мән береді. Бұл — үлкен құрмет пен мақтауға лайық», — деді ол.

Іс-шара бойы залда жылу мен мейірімділікке толы ерекше атмосфера орнады. Балаларға арналған концерттік-ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылып, олар аналарын әнмен, бимен және өлеңдермен қуантты. Сонымен қатар шығармашылық шеберлік сағаттары өтті: балалар мен аналар өз қолдарымен түрлі бұйымдар, суреттер мен сыйлықтар жасады.

Мереке соңында Астана қаласы АНК Аналар кеңесі атынан аналар мен олардың балаларына естелік сыйлықтар табыс етілді — бұл олардың махаббаты, төзімділігі мен ел болашағына қосқан үлесі үшін алғыс білдіру белгісі.

«Ана – гүл, ана – өмір шырағы» мерекесі — ананың жай ғана сөз емес екенін еске салды. Ана — бұл мейірім мен қамқорлыққа толы тұтас бір әлем. Біз аналарымызды құрметтеп, қолдап жүргенде — қоғамымыз да мықты, мейірімді және үйлесімді болмақ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button