ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА – 7 ЖЫЛ: ТАРИХ ТАҒЫЛЫМЫ МЕН ДАМУ ДИНАМИКАСЫ

Түркістан обxлысының құрылғанына биыл 7 жыл толып отыр. 2018 жылдың 19 маусымында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Түркістан облысы құрылып, киелі Түркістан қаласы оның орталығы ретінде белгіленген болатын. Бұл тарихи шешім еліміздің саяси, әлеуметтік және мәдени өмірінде жаңа бетбұрыстың бастамасы болды. Қасиетті Түркістанды түлету, оны түркі әлемінің рухани ордасына айналдыру мақсатындағы жұмыстар қысқа уақыт ішінде қарқынды дамуға ұласты.
🏗 Түркістан – ғасырлар қойнауынан бүгінге жалғасқан жаңару
Соңғы 7 жылда Түркістанда жүздеген құрылыс нысандары салынды. Жаңа тұрғын үй кешендері, мектептер, ауруханалар, спорт кешендері, мәдениет ошақтары және туристік инфрақұрылым бой көтерді. Қала келбеті жаңарып, заманауи архитектурамен үндескен ұлттық нақыштағы ғимараттармен толықты. Түркістан бүгінде тек облыс орталығы ғана емес, түркі халықтарының ортақ символына айналған тарихи һәм мәдени қалаға айналды.
📈 Экономика: орнықты өсім, нақты көрсеткіштер
Өңір экономикасында тұрақты өсім байқалады. Жалпы өңірлік өнім көлемі 7 жылда 2,6 есе өсіп, 4,5 трлн теңгегежетті. Бұл көрсеткіш облыстың әлеуметтік-экономикалық әлеуетінің артқанын көрсетеді.
-
Өнеркәсіп өндірісі: 2018 жылғы 438,6 млрд теңгеден 1 214 млрд теңгеге жетіп, 2,7 есеге артты.
-
Облыста 19 индустриялық аймақ пен арнайы экономикалық аймақтар жұмыс істеп тұр. Мұнда 52 кәсіпорын белсенді жұмыс жасауда, тағы 57 жоба (195,4 млрд теңге көлемінде) жүзеге асырылуда.
-
Елімізде алғаш рет Түркістанда 100 гектарлық шағын өнеркәсіптік парк ашылды.
🌾 Агросектор – тірек сала
Ауыл шаруашылығында да серпіліс бар. Өнім көлемі екі есеге өсіп, 1 трлн теңгеден асты. Түркістан облысы еліміз бойынша ауылшаруашылық өнімін өндіруде көш бастап тұр. Агроөнеркәсіп кешеніне 700 млрд теңгеденастам инвестиция тартылған.
💰 Инвестиция – дамудың қозғаушы күші
Инвестиция көлемі 7 жыл ішінде 4,2 есеге артып, 1,3 трлн теңгеден асты. Оның ішінде:
-
Тікелей шетелдік инвестициялар – 1,144 млрд АҚШ доллары. Бұл жылдық жоспардан 245% артық.
-
2025 жылдың алғашқы жартысында тартылған инвестициялар – 387,8 млрд теңге, оның ішінде 199,3 млрд теңге – жеке, 128,7 млрд теңге – мемлекеттік инвестициялар.
🏞 Туризм – болашағы зор бағыт
Түркістанның туризм саласына 442,6 млрд теңге инвестиция тартылып, 18 мыңнан астам жұмыс орныашылды. Қалада зияткерлік туризмді дамытуға, тарихи ескерткіштерді жаңғыртуға және қонақжай инфрақұрылымды нығайтуға баса назар аударылуда. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен жаңа мәдени нысандарға келушілер саны жылдан жылға артып келеді.
🏘 Халық игілігі – басты басымдық
Қалада 100 мың адамға арналған инфрақұрылым тартылып, жаңа тұрғын үйлер салынды. Білім, денсаулық, спорт және мәдениет салаларындағы нысандар пайдалануға берілді. Ел Президентінің бастамасымен Түркістан қаласына ерекше мәртебе беріліп, арнайы заң қабылданды. Бұл шешім қаланың қарқынды дамуына құқықтық әрі институционалдық негіз қалады.
Бүгінде Түркістан қаласы – Орталық Азиядағы ең көрікті, заманауи әрі рухани маңызы зор қалалардың бірі. Ал Түркістан облысы – Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуында серпінді өсімімен ерекшеленетін аймақ.
Алда – жаңа жобалар, тың бастамалар. Түркістан – тек өткеннің емес, болашақтың да қаласы екенін уақыт дәлелдеп келеді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі