Қарты бар үйдің қазынасы бар…

Бүгін, Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) жанындағы Аналар кеңесінің «Жылу» акциясы аясында мекеме қызметкерлері Жезқазған қаласындағы «Арнайы әлеуметтік көмек көрсету» орталығына аялдады. Аталмыш сапардың мақсаты – әлеуметтік-осал топтағы жандардың, оның ішінде өзге ұлт өкілдерінің жай-күйімен танысып, өмір жағдайларын жақсарту және әлеуметтік қолдау мәселелерін ашық талқыға сала отырып, қаланың әлеуметтік-мәдени өміріне араластыру арқылы бос уақыттарын тиімді пайдалану жолдарын қарастыру.
Сапар барысында Қоғамдық келісім қызметкерлері орталық жұмысымен таныса отырып, өз тарапынан ҚХА жанындағы құрылымдары, бекітілген жобалары мен этномедиация бойынша қысқаша мәліметке тоқталды.
«Арнайы әлеуметтік көмек көрсету» орталығының директоры Шардаева Жұлдыз Әбдуәлиқызымен сұхбат жүргізіліп, біршама сұрақтарға тұшымды жауап алынды.