Спорт

🏆 Жылдам (рапид) шахматтан іріктеу командалық турнирі 2013 және 2007 жылы туған ұлдар мен қыздар арасында

Жеңіске дайынсың ба?

2025 ж. 18–20 маусым аралығында Алматы қаласында іріктеу командалық турнирі өтеді. Бұл турнирде Қазақстанның ең үздік мектеп командалары FIDE World Schools Team Championship чемпионатында ел намысын қорғау құқығы үшін бақ сынайды.

FIDE World Schools Team Championship чемпионаты Александрия қаласында (Вирджиния, АҚШ) 2–7 тамыз аралығында өтеді.

Жүлде қоры – 800 000 теңге!

🥇 1-орын — FIDE World Schools Team Championship чемпионатына жолдама

🥈 2-орын — 250 000 теңге

🥉 3-орын — 150 000 теңге

📍 Республикалық физика-математика мектебі, Алматы қаласы

📌 Мекенжайы: Бухар Жырау көшесі, 36

Турнир форматы:

Командалық: 3 ұл + 1 қыз + капитан (міндетті түрде)

Қатысушылар:

2013 және 2007 жылы туған ұлдар мен қыздардан құралған мектеп командалары

Тіркелу мерзімі:

2025 жылғы 13 маусым, 12:00-ге дейін (Астана уақытымен)

🔗 Тіркелу сілтемесі — https://reg.kazchess.kz/2

💪♟️ Жеңіс дайын тұрғандарға тиесілі! Турнирде кездескенше!

Басқа жаңалықтар

Back to top button