Жаңалықтар

Қазақстандық Biometric.Vision inDrive сервисінің қауіпсіздігін арттыруға көмектеседі

2025 жылғы 30 қыркүйек – көлік және қалалық қызметтердің жаһандық платформасы inDrive пен Қазақстаннан шыққан Biometric.Vision биометриялық компаниясы  қауіпсіздік саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қояды. Қол қою рәсімі 3 қазанда Астанадағы Digital Bridge 2025 халықаралық технологиялық форумы аясында өтеді.

 

inDrive сервис қауіпсіздігін арттыру үшін жаңа функцияларды дамытып, стратегиялық серіктестіктер орната отырып,  Biometric.Vision-мен бірлесіп, қолданыстағы және платформаға қосылғысы келетін пайдаланушыларды тексеру сапасын едәуір жақсартуға бағытталған жаңа қадам жасайды.

 

inDrive-тың Қазақстандағы кантри менеджері Арай Бекембаев: «Біз халықаралық нарықта өзінің кәсібилігін бірнеше рет дәлелдеген сенімді ойыншы Biometric.Vision компаниясымен ынтымақтастық орнатқанымызға қуаныштымыз. Бұл серіктестік inDrive-қа пайдаланушыларды тексеру тиімділігін арттыру үшін биометриялық және цифрлық алаяқтыққа қарсы технологияларды енгізуді дамытуға көмектеседі. Озық технологияларды пайдалану біздің платформамызды қазіргіден де сенімді және ыңғайлы ете түседі. Biometric.Vision жобасының Қазақстаннан шыққаны тіпті қуантады», – деді.

 

Қазақстандық биометриялық стартаптың технологиялары жасанды интеллект (ЖИ) арқылы бет-әлпетті тануға, құжаттарды тексеруге және цифрлық алаяқтықтың алдын алуға көмектеседі. Biometric.Vision-мен ынтымақтастық inDrive-қа озық биометриялық технологиялар мен жасанды интеллектке сүйенетін шешімдерді пайдалануға, сол арқылы қауіпсіздік пен пайдаланушы сенімін арттыруға мүмкіндік береді.

 

Анықтама:

 

Biometric.Vision – жасанды интеллект, компьютерлік көру және бет-әлпетті тану технологиялары саласында жұмыс істейтін қазақстандық стартап. Компания бүкіл әлем бойынша бизнес пен пайдаланушылар үшін қауіпсіздікті, ыңғайлылықты және тиімділікті арттыруға бағытталған инновациялық шешімдерді әзірлейді. Biometric.Vision халықаралық нарыққа белсенді шығып, жобаларын Қырғызстан, Малайзия, Сингапур, БАӘ, Мексика және Қытайда жүзеге асырып жүр.

 

inDrive – көлік және қалалық қызметтердің жаһандық платформасы. inDrive қосымшасы 360 миллионнан астам рет жүктелген және қатарынан үшінші жыл қатарынан әлемдегі жүктеу саны жағынан екінші орында тұр. Қалалық сапарлардан басқа, inDrive қалааралық тасымалдау, жеткізу және қаржылық қызметтерді қамтитын қызметтердің толығып келе жатқан тізімін ұсынады. 2023 жылы inDrive венчурлық және M&A бөлімшесі – New Ventures-ті іске қосты.

 

inDrive 48 елдің 982-ден астам қаласында жұмыс істейді. Әділетсіздікпен күресу миссиясын ұстана отырып, компания 2030 жылға қарай бір миллиард адамның өміріне оң әсер етуге ұмтылады. Ол бұл мақсатқа жергілікті қоғамдастықтарды әділ баға қою моделі арқылы қолдайтын негізгі қызметі, сондай-ақ ықпал ету бағдарламаларының жұмысы арқылы жетуді көздейді.

 

БАҚ-қа арналған  байланыс:

Biometric.Vision баспасөз қызметі

+7 747 868 50 75, Дарья
email: prmanager@biometric.vision

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button